• 19 мая, 2024 10:56 пп

ШЫМКЕНТ: САЙРАМ ТҰРҒЫНАЛАБЫНДАҒЫ ТАССАЙҒА ГАЗ БЕРІЛДІ

Автор:admin

Окт 13, 2023

Газ саласы – мемлекеттік бюджетті толықтыру көздерінің бірі. Осыған орай экономика мен әлеуметтік салада маңызды стратегиялық мәні бар екені түсінікті. Қазіргі уақытта бүкіл әлемде тиімді энергетикалық ресурс және аса құнды энергетикалық шикізат ретінде табиғи газға деген қызығушылық артып отыр Қазіргі уақытта бүкіл әлемде табиғи газға деген қызығушылық артып отыр. Сондықтан Мәжілісте газ саласын дамыту жайлы тақырып қозғалды. Үкімет сағатында Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Балайым Кесебаева елдегі газ саласын дамыту қажеттілігін атап көрсеткен болатын. Осы орайда Шымкенттегі Тассайда көптен күткен қуаныш! 300-ге жуық үй табиғи газбен қамтылды. Сайрам тұрғыналабының Тассай бөлімшесінде табиғи газ жүйелерінің құрылысы 2019 жылы толық аяқталған болатын. Газ құбырының ұзындығы –7,507 км. Бұған дейін абоненттеу жұмыстары жүргізіліп, бүгін құжаттары дайын болған үйлерге газ қосылды. Игі шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары: Берік Бекжанов, Берік Оспанов, Фахриддин Қаратаев, Мұратәлі Қалмұратов пен қоғам белсенділері қатысты. «Көріп тұрмыз, жолдар жөнделіп, лоток қойылыпты. Таза су да кірген екен, енді міне көгілдір отынға қол жетіп отыр. Қандай керемет! Шымкентіміз күннен күнге шырайланып, шалғай жатқан елді мекендердің сәні кіре бастаған. Игі істің артында қаншама еңбек жатыр. Пайдалануға берілген әрбір нысан игіліктеріңізге жарасын!»-деді халық қалаулылары. Өз кезегінде жергілікті халық та билік өкілдеріне алғысын жаудырды. Жалпы Қаратау ауданына қарасты Сайрам тұрғын алабының Тассай бөлімшесі ауыз сумен, мемлекеттік жүйедегі электр жарығымен толық қамтылған. Бұдан бөлек, осы жылы Мұңайтпасов 1,2 көшелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ұзындығы 2,5 шақырым, ені 6 метрді құрайтын 2 көшеге асфальтбетон қабаты төселді. Сонымен қатар аяқжол салынып, жол жиегіне суағарлар орнатылды. 2 800-ден астам  халқы бар бұл елді мекенде 1 мектеп, 1 балабақша, 1 амбулатория және 7 кәсіпорын бар. Өткен жылы спорт және ойын алаңшасы салынған болса, биыл осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру мақсатында жер телімдерін рәсімдеу жұмыстары жүргізілуде. Коммуналдық инфрақұрылымы толық шешілмеген елдімекен тұрғындары ауыз суды кестемен ішеді. Тассай бөлімшесіне керегі тұрақты және сапалы ауыз су, көшелерге асфальт жол болып тұр.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin