• 29 марта, 2024 7:42 дп

Шымкент кәсіпкерлері үшін қолайлы мемлекеттік бағдарламалар іске қосылған!

Автор:admin

Май 1, 2023

Қазақстан Президенті өзінің  «экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып табылады. Біз бұған экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы елімізді дамытудың ұлттық жоспарына сәйкес қол жеткіземіз. Мен бұл ретте мемлекттік қолдаудың оңтайлы ролі, бір жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізуде, екінші жағынан – инфрақұрылымды жасау және басым салаларды дамытуға жекеменшік салаларды дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін» деген еді. Осы бағытта Шымкент қаласында бірнеше экономикалық мемлекеттік бағдарламалар даярланып, жүзеге асырылуда. Мемлекет басшысының «Экономиканы тұрақтандыру бойынша  шараларын одан әрі іске асыру туралы» Жарлығына сәйкес бизнесті қолдау үшін қосымша салықтық ынталандыру шаралары қабылданды. Бұл шаралар саудадан туристік бизнеске дейін экономиканың әртүрлі секторларын қамтиды, атап айтқанда, ірі сауда нысандары, сауда-ойын-сауық орталықтары, кинозалдар, театрлар мен көрмелер, спорт нысандары, қоғамдық тамақтану нысандары, қонақ үй және туристік қызмет. Мәселен, ҚР Үкіметінің № 126 қаулысымен мөлшерлемелерге «0» түзету коэффициентін енгізу регламенттелді. Бұл шымкент қаласының кәсіпкерлері үшін қолайлы несие және мемлекет тарапынан барлық қолдауды сезінуге жол ашты. Бұдан басқа, мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларының (сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану нысандары, қонақ үй бизнесі, көлік және консультациялық қызметтер, IT саласы) шағын және орта бизнес өкілдері ағымдағы жылдың  экономиканың өсу қарқыны 1,1% төмендеуі күтілуде. ЖӨӨ — де сауданың НКИ 98,0%, көлік және қоймалау –98,5%, ақпарат және байланыс –99,0%, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар –98%, басқада қызметтер – 99,0% шегінде қалыптасады деп күтілуде.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin