• 26 апреля, 2024 2:30 дп

ШЫМКЕНТ: ЖАСТАРҒА ЖАЛЫНДАҒАН ЖАРАСАДЫ

Автор:admin

Окт 5, 2022

Азаматтық ресурстық орталығында ҚР Президентінің Жолдауы аясында «Мемлекеттік басқару жүйесіндегі саяси реформалар» тақырыбында саясаттанушылар мен сарапшылар жастармен кездесті. Іс-шараға ҮЕҰ өкілдері, «Мирас» университетінің студенттері, мектеп мұғалімдері қатысты.
Саясаттанушы, М.Әуезов атындағы ОҚУ «Саясаттану» кафедрасының меңгерушісі Сәкен Мәжінбеков Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттар, жастарға жүктелген міндеттер туралы әңгімелеп берді. Қазіргі бәсекелестік заманында жастардың білімге ұмтылып, өз ісінің білгір маманы болуға шақырды.
– Мемлекет басшысының әр Жолдауы жастарға зор серпін береді. Ізденуші азаматтар, жастардың ата-анамның үмітін ақтаймын деген нақты мақсаты болуы тиіс. Қазір ғылымды игеріп, кәсібін дамытып, тек алға қадам басатын кезең. Жастар жасампаз болса, елдің болашағы да жарқын болады, – деді С.Мәжінбеков.
Еркін форматта өткен кездесуде Жолдау аясындағы міндеттер, оны іске асырудың тетіктері айтылды. Жастар – қоғамның қозғаушы күші. Жолдауда айтылғандай, жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болатыны анық.
Қалада саясаттанушылар мен сарапшылар, ҮЕҰ өкілдерінің жастармен кездесуі одан әрі жалғасын табады.

Jsk ақпарат

Автор: admin