• 25 апреля, 2024 10:45 пп

ШЫМКЕНТ: «ЕЛТАЙ» ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ МӘСЕЛЕСІ АУДАН ӘКІМІНІҢ БАҚЫЛАУЫНДА

Автор:admin

Сен 2, 2022

Мемлекеттік жоспарлау жүйесі жаңа құжаттарды енгізуді және қолданыстағы құжаттардың қайта жүктелуін ескере отырып, «Қазақстан-2050» Стратегиясының қазіргі заман ахуалында және әлемдік дамудың қалыптасқан үрдісімен үйлесе отырып іске асырылуын қамтамасыз ететін үш деңгейлі иерархиялық жүйені сақтап қалды. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, бұған дейін де бірнеше рет айтылғандай, мемлекет дамуының ұзақ мерзімді пайымын айқындайтын елдің негізгі құжаты (немесе жоғары деңгейдегі құжат) болып қала береді. «Оны іске асыру үшін анағұрлым қысқа мерзім аралығындағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындайтын Ұлттық даму жоспары енгізілді. Ұлт жоспарын іс жүзінде жүзеге асыру кезеңі басталды. Ол Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның бақылауымен жүретін болады. Барлық мемлекеттік органдардан, қоғамдық институттар мен азаматтардан іс-қимылдың үйлесімділігі, табандылық, креативтілік және қажырлылық талап етіледі. Бізге үлкен жолдан өтуге тура келеді, ол бойынша біз қазір алғашқы 100 қадамды жасаудамыз. Басқа қадамдар да болады, мен оған айна-қатесіз сенімдімін. Эволюциялылық және тұтастай қамтушылық – ширек ғасырлық мерейтойына қадам басып, біздің Тәуелсіздігіміздің тарихын алға бастырып отырған жаңғырту үдерісінің басты қағидаты да осы. Біздің бәріміз жаңғыртудың тек қуатты мемлекет пен Ұлттың топтасқандығы жағдайында ғана табысты болатынын естен шығармауға тиіспіз. Ол тәртіпке бастауы тиіс. Шымкент қаласы, Еңбекші ауданының əкімі Досбол Есілбек «Елтай» тұрғын алабын аралап, тұрғындармен кездесті. Кездесу барысында  туындаған жәйттер мекенжай басында талқыланып, әсіресе тұрғындар көтерген  су мәселесінің  шешу жолдары айтылды.  Атап айтсақ, 60-тан астам тұрғын үйлерге беріліп отырған судың қысымы  өте аз. Оған  жекеменшік есебінен тартылған құбырдың су жеткізу қуаттылығы төмендігі себеп болып отыр. Осы олқылықтардың орнын толтыру үшін тұрғын  үйлерге арналып жаңадан орталықтандырылған ауыз су құбырын тарту  «Су ресурстар-Маркетинг» ЖШС-нің инвестициялық бағдарламасы аясында қарастырылуда. Сондай-ақ, алабтағы орналасқан 4 тұрғын үйге көлік қатынайтын жол ашу қажеттігі де айтылды. Жер телімдері бұрынырақ Төлеби ауданы әкімдігі тарапынан берілген болатын. Жол түсуі тиіс жер телімі «Сарем» ӨК-нің теңгерімінде. Бұл мәселені де оңтайлы шешу үшін тиісті шаралар қабылданатын болды. Сонымен бірге, тұрғындар осы елді-мекендегі «Ынтымақ» кафесі жанына бейнебақылау орнатуды сұрастырды.  Аталған жерге бейне бақылау орнату бойынша құзырлы мекемелерге  өтінімдер жолданғаны  да атап өтілді.  «Елтай» тұрғын алабының  тұрғындарымен кездесудің қорытындысы бойынша  айтылып, көрсетілген  мәселелер аудан әкімінің тұрақты бақылауында болатын болды.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin