• 18 мая, 2024 4:21 дп

Шымкент дамуы: мегаполистің мығымы берік!

Автор:admin

Июл 4, 2023

Қалада спорт инфрақұрылымын дамыту мақсатында биыл «Үстел теннисі спорт кешені» және «Жаңа ипподром» құрылысы (демеуші есебінен), «Металлург» стадионын реконструкциялау жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін  бюджет есебінен ауысымына 250 баланы қабылдайтын  2 спорт ғимараты және жеке кәсіпкер есебінен «SPORT LIFE» футбол орталығының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілетін болады. Биылғы жылы спорттық үйірмелермен жан басына шаққанда қаржыландыру арқылы 19 мыңнан астам бала қамтамасыз етілді. Әлеуметтік қамсыздандыру бойынша халықты жұмыспен қамту шараларына биыл   57 мың адам жоспарланып, оның 42 мыңын тұрақты жұмыспен қамтылу қажет. Жыл басынан 14 мыңнан астам адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Соңғы жылдары жұмыспен қамту шараларын күшейту арқылы әлеуметтік көмек алушылар саны өткен жылмен салыстырғанда 22 пайызға азайып, 10 794 отбасыны құрады (2022 ж. 5 айы –13 778 отбасы). Ал, соңғы 5 жылда инженерлік — инфрақұрылым жүйелеріне бюджеттен 191 млрд.теңге бағытталып, оның 87 пайызы немесе 166 млрд.теңгесі соңғы үш жылда бөлінді. Нәтижесінде, 1 магистралды суаққы салынып, қуаттылығы тәулігіне 364 мың кубқа жетті. Ол, шамамен     2030 жылға дейін жетеді. 4 подстанция салу арқылы, электр энергиясының қуаттылығы 490 мВт-қа жетіп, қаланың 2025 жылға дейінгі қажеттілігі шешілді. Газдандыру саласында жаңа АГРС салу арқылы, газ қуаттылығы тәулігіне 430 мың метр кубқа жетіп, 2030 жылға дейінгі табиғи газ мәселесі шешімін тапты. 2022 жылдың қорытындысымен ауыз сумен қамту деңгейі 98 пайызға, электрмен қамту 98 пайызға, табиғи газбен қамту 94 пайызға жетті. Биыл елді мекендерді ауыз су, сапалы электр жүйелерімен қамту мәселесін шешсек, 2025 жылы табиғи газбен қамту мәселесін толығымен шешу жоспарлануда. Көлік инфрақұрылымын дамытуға бөлінетін қаражаттың көлемін биыл 38,0 млрд.теңгеге жеткізіп, 2018 жылмен салыстырғанда 5 есеге ұлғайтылды. Соңғы 5 жылда ұзындығы 900 шақырымнан астам асфальтталған жол салынып, қаланың орталық бөлігіндегі ірі жол айрық пайдалануға берілді.

Jsk ақпарат

Автор: admin