• 4 мая, 2024 12:12 дп

Шымкентте атқарылған жұмыстар — оң өзгеріске! 

Автор:admin

Июл 4, 2023

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, бүгінге қалада белсенді жұмыс жасайтын кәсіпкерлік субъектілер саны 124 мыңнан асып, өткен жылмен салыстырғанда 52 пайызға артты. Білім беру нысандарын дамыту мақсатында соңғы бес жылда 48 810 орындық 105 мектеп пайдалануға берілді. Оның ішінде, 80%-ы жеке инвестор есебінен салынған. Нәтижесінде, үш ауысымды мектептер саны 19-дан 3-ке, ыңғайластырылған мектеп саны 17-тен 3-ке азайды. Биыл 18 мектепті пайдалануға беріп, үш ауысымды мектеп мәселесін толығымен шешуді көздеп отырмыз. Президенттің бастамасымен «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында қалада 2026 жылға дейін 28 мың орынды 18 мектеп пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, Мемлекет Басшысының тапсырмасына сәйкес, екі Оқушылар сарайының құрылысы басталып, оның біреуі биыл пайдалануға беріледі. Одан басқа 750 орынды 5 өнер мектебінің құрылысын салу жоспарлануда. Денсаулық саласы соңғы 5 жылда денсаулық сақтау ұйымдарының материалдық-техникалық базасымен жарақтандыруға  19 млрд.теңге бағытталып, қамту деңгейі 67 пайыздан   79 пайызға артты. Соңғы 4 жылда 12 жеке емханалар ашылып, мемлекеттік емханалардың жүктемесі 30 пайызға азайды. Өткен жылы қалада жеке инвестор есебінен ПЭТ/КТ сәулелі терапия орталығы ашылып, қатерлі ісік ауруын бастапқы сатысында анықтап, алдын ала емдеуге мүмкіндік беруде. Биыл жеке инвесторлар есебінен 3 жаңа емхана ашылды. Осы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан жалпы өлім көрсеткіші 8%-ға (2022ж. – 1741; 2023ж. – 1604), нәресте өлімі 20,6% — ға төмендеді (2022ж. – 122; 2023ж. – 97). Ана өлімі тіркелмеген (2022ж. – 7,9; 2023ж. — 0). Сонымен бірге 2025 жылға дейін жаңа заманауи перзентхана мен жеке инвесторлардың есебінен 800 орындық клиниканың құрылысы және 6 медициналық орталық ашу жоспарлануда. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында, осыдан 3 жыл бұрын республикада алғаш болып «Шымкент жастар лигасы» атты бірегей жобаны басталған. Жыл сайын оқушылардың қызығушылығы артып, лига ауқымы артуда. Биыл 151 мектептен 500-ден астам командалар жасақталып, 6 мыңға жуық оқушы қатысты.

Jsk ақпарат

Автор: admin