• 27 апреля, 2024 4:45 дп

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ КӘРІЗ ЖҮЙСІМЕН ҚАМТУ КӨРСЕТКІШІ 60 % — ҒА ЖЕТПЕК

Автор:admin

Авг 10, 2022

Бүгінгі таңда Шымкент қаласының 54 пайызы кәріз жүйесімен қамтылған. Биыл бұл көрсеткішті 60 пайызға жеткізу, яғни қосымша 65 мыңға жуық тұрғынды қамту жоспарланған. Бұл мақсатта 20 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына дейін ; Самал-3, Мирас-Шапағат-2, Ұлағат, Солтүстік шығыс, Хлопзавод-Шолохов, Жұлдыз елдімекендері кәріз жүйесіне қосылады.  Ал, Асар-2, Тассай, Тұран ішкі жүйелер, Достық, Қайтпас-2, Солтүстік-Батыс шағын аудандарындағы құрылыс жұмыстары келер жылы аяқталады. Сонымен бірге, Достық КНС (қайта құру), Арғынбеков коллектор, Тұран ішкі магистрал, Бозарық 74 га аумақтағы құрылыс жұмысы аяқталады.  Ал, Нұртас, Тараз ш.а., Айша бибі көшесі, 112 орам құрылысы осы жылы басталмақ. Қаламыздың даму жоспарына сәйкес, 2022-2025 жылдары кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін 75 пайызға жеткізу жоспарға қойылған. Шымкент қаласында кәріз тазалау имаратының қуаттылығын қосымша 50 мыңға көтеру жобасын іске қосу жоспарлануда. Жобалау құжаттары әзірленген. Биыл желтоқсан айында сараптама қарауына жолданады және 2021-2022 жылдары құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр. Қазіргі таңда қолданыстағы кәріз тазалау имаратының қуаттылығы тәулігіне 150 мың текше метр суды тазалауда. Қолданыстағы кәріз тазалау имараты жаздық кезеңде 115 мың, жауан-шашын кезеңдерде 160-170 мың текше метр кәріз суларын тазалайды. Жаңа қосымша имараттың жобасының техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленді. Жоба ауқымды болуына байланысты жобалау және құрылыс жұмыстарын мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы жүргізуге инвесторларға ұсыныс берілуде. Шымкент қаласы тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту көрсеткішін арттыру мақсатында биыл 13 нысанның құрылыс жұмыстары басталған. Оның үшеуі магистралды кәріз коллекторы болса, 10 елдімекенге ішкі жүйелер тартылды. Бүгінде Тұран шағынауданындағы кәріз сорғы станциясының құрылысы аяқталып, ондағы көп қабатты тұрғын үйлер кәріз жүйесіне қосылды. Одан бөлек, Наурыз шағынауданының 3,5 мың және Самал-1 шағынауданындағы 22 мыңдай тұрғын кәріз жүйесіне қосылды. Нәтижесінде қала тұрғындарын кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 52,3 пайыздан — 54 пайызға өсті. Ал, Арғынбеков және Тұран магистралды кәріз коллекторларының құрылысы келер жылы аяқталмақ. Самал-2, Самал-3, Достық, Асар-2, Тассай, Мирас, Шапағат, Ұлағат, Солтүстік-Шығыс елдімекендеріндегі құрылыс жұмыстары да 2022 жылға өтпелі. 2022-2025 жылдары қаланың оңтүстік, солтүстік бөлігінің кәріз жүйесімен қамту жоспарына сәйкес, 2 дана кәріз – тазалау ғимаратының, магистралдық коллекторлардың және елдімекендердің ішкі жүйелер құрылысын жүргізу жоспарлануда. 2025 жылы қаланың кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 75 пайыз болады.
Jsk ақпарат

Автор: admin