• 29 апреля, 2024 4:28 пп

ШЫМКЕНТ: БИЫЛ ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА 73 КӨШЕ ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ

Автор:admin

Окт 10, 2023

Еңбекші ауданында биыл 73 көше жөндеуден өтеді. Бұл туралы Ақпараттық коммуникациялық орталықта өткен баспасөз брифингінде аудан әкімі Досбол Күздікбайұлы мәлімдеді.

– Бүгінгі күнде Еңбекші ауданының аумағы 22 800 гектарды құрап, халық саны 228 830 адамға өсті. Жаңа Тұран ауданының құрылуына байланысты Қаратау ауданынан Исфиджап, Орманшы, Достық тұрғын алаптары мен Азат шағынауданы, ал Әл-Фараби ауданынан Бадам шағынауданының 2-ші бөлігі қосылды. Ауданда 18 тұрғын алап және 11 шағынаудан бар. Сондай-ақ, 728 көше мен өткелдер, 1 саябақ 2 гүлзар, 283 көпқабатты және 37061 жеке тұрғын үй орналасқан. 2022 жылы ауыз сумен қамтылу көрсеткіші ауданда 94,5 пайызды құрады. Қалаға қосылған жаңақұрылыс аймақтарын ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстарын «Сарыағаш-Аман» ЖШС-і атқаруда. Қазіргі таңда, Исфиджаб тұрғын алабын сапалы ауыз сумен қамту мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. 2023 жылы жаңа шекараға сәйкес, табиғи газ жүйесімен қамту көрсеткіші 87,2 пайыз, қамтылмаған 12,8 пайызды мемлекеттік жүйемен қамту 2023-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарына енгізілді. Қазіргі таңда 5 елді мекеннің жаңақұрылыс аймағындағы 3739 абонентке жобалау-сметалық құжат «Бірлестік» ЖШС-мен әзірленуде, –деді Д.Күздікбайұлы өз баяндамасында. Сондай-ақ брифинг барысында тұрғындар тікелей эфирде өздерін мазалаған сұрақтарын қойды. Аудан әкімі тиісті жауаптарын беріп, мәселенің шешімі бар екенін атап өтті. Айта кету керек, бүгінде Еңбекші ауданында 26 көпқабатты үйдің ауласы мен балалар ойын алаңшаларын құру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Еңбекші ауданы бойынша 651 көпқабатты тұрғын үйлер 435 аулаға біріктірілген болатын. Қазіргі таңда негізгі көпқабатты үйлер орналасқан шағынаудандар Қаратау және Әл-Фараби ауданының әкімшілік шекаралық аумағына қосылған. Бүгінде аудан бойынша 283 көпқабатты үйлер 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Атап айтатын болсақ, 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 11 – кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды. 2023 жылдың І-кезеңмен 26 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 1 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекемелер жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, ІІ-кезеңмен 9 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 3 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсына құжаттар әзірленуде.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin