• 27 апреля, 2024 3:19 дп

ШЫМКЕНТ: БИЗНЕСКЕ ЖАСАЛҒАН ЖАҒДАЙ!

Автор:admin

Май 15, 2023

Шымкент бизнесі қарыштап дамып жатқан өңірлердің бірі. Бүгінде мегаполисте атқарылып жатқан оңды істер өте көп. Соның бірі кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлерді қолдау бағытында мемлекеттік бағдарламалардың жұмыс жасауы өте қарқынды. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы бизнестің жұмыс істеуіне оң жағдай тудыру үшін барынша күш салып келеді. Ең алдымен бизнес-ортаға түсетін әкімшілік қысымды азайтуға ерекше көңіл бөлінді. Мемлекеттік органдармен бірлесіп жұмыс істеу арқылы бизнестің құқығы мен заңды мүддесін қорғау, тексеруді азайту, бақылау және қадағалау жүйесін жетілдіруге қол жетті. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлердің қорғалған құқығы мен  заңды мүддесінің жалпы сомасы 4,5 млрд теңгеге жетті. Бүгінде Өңірлік кәсіпкерлер палатасы энергиямен қамтамасыз ететін мекемелер, мемлекеттік кірістер департаменті, жер комитеті, сәулет және қала құрылысы бөлімімен мббильді байланыс тобы арқылы әкімшілік кедергілермен  күрес жұмысын қолға алған. Палатаның негізгі жетістіктерінің қатарында бизнестің жер учаскелері мен инженерлік-коммуникациялық желілерге қосылу, сондай-ақ бос энергиялық қуат туралы ақпаратты онлайн алу қызметін көрсетуді атауға болады. Бұрындары осы ақпарат бизнеске жетпейтін, бизнес маңызды әрі дұрыс мәліметтен хабарсыз болып келген. Кәсіпкерлерге қолайлы орта қалыптастыруда өңірлік палата кеңес беру, оқыту, құқық қорғау, жобаларды сүймелдеу, жүзеге асыру жұмыстарын атқарудан бастайды. Былтыр 5598 кәсіпкерге кеңес беру көмегі көрсетілді, 655 бизнес-жоба дайындалды. Бизнес-мектеп оқыту курсынан Оңтүстік Қазақстан облысының 1786 тұрғыны өтті. Ұлттық палата еліміздің барлық өңірінде «Бастау» бизнес негіздеріне оқыту жобасын іске қосқаны белгілі. Бұл жобаның басты мақсаты – жұмыссыз және өзін өзі жұмыспен қамтыған ауыл тұрғындарын кәсіпкерлікке баулу. 2017 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының 8 ауданында 1500 тұрғын білім алып, 419 қатысушы қаржыландыруға қол жеткізді, 321 азамат жеке кәсібін енді бастап, 98 кәсіпкер бизнестерін ұлғайта алды. Бұл өңірлер арасындағы ең жақсы көрсеткіш. Шымкент — республика бойынша жұмыс істейтін еркін экономикалық аймақ санымен де көш басында. Бұл өңірде «Оңтүстік» еркін экономикалық аймағы бар. Қалада  9 индустриялық аймақ жұмыс істейді, онда 68 кәсіпорын орналасқан, таяу уақытта олардың саны 93-ке жетеді. Өңірлік кәсіпкерлер палатасы «Атамекен–Ордабасы» индустриялық парк жобасын сәтті жүзеге асырып отыр, оның жалпы ауданы 700 мың шаршы метр, инфрақұрылымы дамыған, жаңа нысандардың құрылысы үшін жер учаскелері де бар. Кәсіпкерлер палатасы мемлекетітк сатып алуларға жергілікті қамту үлесін арттыру шараларын қабылдап, осылайша отандық өндірушілерге қолдау көрсетіп отыр.

Jsk ақпарат

Автор: admin