• 20 апреля, 2024 2:24 пп

Шымкенттің мегаполиске айналуы – бизнеске берілген үлкен мүмкіндік

Автор:admin

Май 15, 2023

Шымкентті мемлекеттің үшінші қаласына, кәсіпкерлік, сауда орталығына, тұрғындарға жайлы әрі қонақтарға ең қызықты заманауи мегаполиске айналдыру міндеті қойылған. Кәсіпкерлер палатасының директоры Асқар Әбубәкіров бұл міндет оңай болмаса да, жүзеге асыруға болатын тапсырма екеніне сенімді. Бұл үдеден шығу үшін Шымкент қаласы тұрғындарының көп мүмкіндігі бар: кәсіпкерлік даму үстінде, шағын және орта кәсіпкерлік саны артып келеді, тұрғындардың жартысына жуығы жеке меншік секторда қызмет етеді. Шымкент —  Қазақстадағы экономикасы дамыған өңірлердің бірі. Халқы 1 миллионнан астам, инфрақұрылым дамыған, табиғат және еңбек ресурстары бай. Қала аумағында ел экономикасына әсер ететін жүздеген кәсіпорын табысты жұмыс істейді. Шымкентте  алдағы дамуда атқарылатын жұмыс көлемі анықталған, ірі бизнес-серіктестерге ұсыныс та бар. Шырайлы Шымкент қаласының  аумағында шетелдік қаржы салынған 150 кәсіпорын жұмыс істейді. Бұл қала республикадағы агро индустрияның қуатты орталығының бірі. Мұнда адамның өмір сүруіне қажетті азық түліктің барлық түрі өсіріледі. Экономистер өңірдің инвестициялық ахуалы экономикалық көрсеткіштер бойынша үздіктер қатарында болуға мүмкіндік береді деп есептейді. Инвесторларды табиғат климаты ерекше қызықтырады. Маусымда күннің жылы болуы жаңартылатын энергия көздерімен байланысты түрлі жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мұнымен қоса, шетелдік инвесторлар фармацевтика саласына, тоқыма, жеңіл өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен қайта өңдеу салаларына қызығушылық танытады. Сонымен қатар Шымкент кәсіпкерлікті қолдауда өзгеше тәсілдерді қолданумен ерекшеленеді. Бұл салада ноу-хау кем емес. Мысалы, Қазақстанда алғаш болып «бір терезе» қағидасымен жұмыс істейтін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды. Бизнес жоспар дайныдаудан бастап жобаны пайдалануға бергенге дейін қаржыландыруға кеңес беру, рұқсат құжаттарын рәсімдеу жұмыстары толықтай атқарылады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin