• 26 апреля, 2024 10:34 дп

Шымкент: АРҒЫНБЕКОВ КӨШЕСІНЕН БӘЙДІБЕК БИ ДАҢҒЫЛЫНА ӨТЕТІН ЖОЛ ҚОЗҒАЛЫСЫ ҚАРАШАНЫҢ 1 КҮНІ САҒАТ 15:00 ДЕ АШЫЛАДЫ

Автор:admin

Ноя 1, 2022

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес, қазіргі таңда Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында аяқталуы 2023 жылдың соңына дейін жоспарланған жолайрық құрылысы жүргізілуде.

Қала тұрғындарына ыңғайлы жағдай жасау мақсатында, Бәйдібек би даңғылымен солтүстіктен оңтүстік бағытта қозғалатын көліктерге Арғынбеков көшесіне батыс бағытта оң жақ бұрылу жолы ашылады.

Және Арғынбеков көшесімен шығыстан батыс бағытқа қозғалатын көліктерге Бәйдібек би даңғылына солтүстік бағытта оң жақ бұрылыс жолы ашылады.

Сонымен қатар, сол күні Бәйдібек би даңғылы екі бағытта толығымен жабылатын болады. Аталған көшеге балама жол ретінде Жүсіпов көшесі қарастырылған.

Ашылу мерзімі: 01.11.2022 жылы сағат 15:00 де

❗️Қосымша сызбасы тіркелді

Автор: admin