• 29 апреля, 2024 8:39 дп

Шымкенттің өнеркәсіп саласы — жетекші көрсеткіштер қатарында!

Автор:admin

Июн 10, 2023

«Өнеркәсіп өнім көлемінің индексі – 6,7%-ға, ауыл шаруашылығы – 1,2%-ға, инвестиция көлемі – 41,2%-ға, құрылыс жұмыстары – 11,8%-ға, пайдалануға берілген тұрғын үйлер алаңы – 23,7%-ға, бөлшек сау­да көлемі 9,6%-ға артты. Бұл ста­тистикалық деректердің артында қаланың тыныс-тіршілігіне арналған үлкен жұмыс, тұрғын­дардың өмір сапасын арттыруға бағытталған ауқымды істер бар. Әрбір бастамамыздың игілігін халық сезінуі қажет. Осы мақсатта қаланың бес жылдық даму жоспары қабылданды, ол жүйелі түрде іске асырылуда», деді қала әкімі. Ауыл шаруашылығында 29 мың гектар жерге егістік егіліп, 85 мың тонна өнім жиналды. Шаруаларды қолдауда 133 кәсіп­керге 2,6 млрд теңгеге субсидия бөлінген. Сонымен бірге 7,6 млрд теңгеге 17 жоба іске асып, 200-ден астам жұмыс орны ашылды. Ал қалаға тартылған инвестиция көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41,2 па­йызға артып, 325 млрд теңгеден асты. Мегаполис мәртебесін алған уақыттан бері қала бюджетінің көлемі 4 есеге артты. Жыл ба­сын­да бекітілген бюджет 388 млрд теңге болса, қазір 491 млрд теңгеге жетті немесе бір жыл­дың ішінде қала бюджеті 103 млрд теңгеге ұлғайды. Бюд­жет­тің 45 пайызы әлеуметтік салаға бағытталса, 25 пайызы даму жобаларын құрайды. Бұл көрсет­кіштерден бөлек қалада білім, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, жұмыспен қамту секіл­ді бас­қа салаларда да жетістіктер бар. Шағын  бизнес секторы үшін ең бір шешуші мәселе- салық салу жүйесін   реформалау болып табылды. Құқықтық базаны          жетілдіру өндіріс жағдайын жақсарту, және де Шағын  бизнес субъектілерін әр түрлі қылмыскер, коррупционерлер пиғылдарынан қорғау проблемалары тұрса, экономиканың маңызды секторы шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай туғызу «Аумақтық шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасының» жасалынуы оны жүзеге асыру инструменті болып табылады. 1997 жылы 6 наурызда «шағын және орта бизнесті күшейту және оның жұмысын активациялау» Жарлығы жарык көргеннен кейін Республикамызда шағын және орта бизнесті қолдау мақсатында кешенді де толық қанды көмек көрсету шаралары байқала бастады. Ал шағын бизнеспен айналысам деуші субъектілер саны күннен -күнге өсуде. Шағын  бизнес секторында орын алған шағын кәсіпорындар санының тіркелгеннен бергі жұмыс жасайтын бөлігі күрт төмендеп кетуі, бұл бизңес түрінің салалық құрыльщы рационалды емес түрде ұйымдастырылуы оның даму эволюциясына кедергі етуде. Әрине мұның себептері Шағын  бизнес субъектілерін қаржылық — несиелік қолдау аз мөлшерде болуы ғана емес, оның инфрақұрылымының дұрыс дамымай отырғандығында. Шағын  бизнес субъектілерін объективті түрде ұлттық, аумақтық, жергілікті масштабта олардың әр қайсысына микродеңгейдегі микрожүйе ретінде қарастырған жөн.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin