• 29 апреля, 2024 11:42 дп

ШЫМКЕНТТЕ ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ӨҢІРЛІК ӨНІМДЕГІ ҮЛЕСІ 41,6%-ДЫ ҚҰРАДЫ

Автор:admin

Июн 11, 2023

Шымкент қаласында былтырғы жылдың қорытындысы бойынша шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 41,6%-ды құрады. Бұл көрсеткіш мемлекеттік бағдарламалар аясында ұлғайып отыр, жыл сайын бюджеттен арнайы қаражат бөлінеді. Бизнесті қолдауға бағытталған барлық бағдарламалардың принциптері кәсіпкерлер үшін тең жағдайлар жасау, сондай-ақ оларға қойылатын талаптардың, ұсынылатын құжаттарды зерттеудің жан-жақтылығы мен толықтығы, қабылданатын шешімдердің объективтілігі болып табылады. Жалпы шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік бағдарламалар аясында қолдау көрсету бойынша тиісті қаржы бөлініп, 2022 жылы 4891 жоба қолдау тапқан болатын.  Ал биылғы жылдың басынан бері 2 056 жобаға қолдау көрсетілді. Атап айтқанда: «Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» шеңберінде 1 922 жобаға қолдау көрсетілді. «Кәсіпкерлікті дамыту бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған «Іскер қала» іс-шара жоспары шеңберінде 134 жобаға қолдау көрсетілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер үшін жергілікті және мемлекеттік бағдарламалар бойынша барлық кеңестер «Бизнеске арналған үкімет» фронт-офисі арқылы көрсетілуде. Кез келген елдің ішкі нарығы сыртқа тәуелді болмаған кезде барып, оның дамуы мен экономикалық тұрақтылығы көтеріле бастайды. Дамыған елдердегі ішкі өндіріс, шағын және орта бизнес үлесі 80 %-дан асып кетеді. Осы себептен де, Қазақстан «Бизнес жол картасы» бағдарламасын ұсынып, жаппай ел ішінде бизнесті дамытуды қолға алып отыр. Елімізде шағын бизнесті дамытуға бағытталған түрлі бағдарламалар мен жұмыстар бар. Себебі, қазақ халқы қолөнерге және шаруашылық өндірісін дамытуға бейімі бар. Шағын кәсіпті айналдыру арқылы әрбір отбасы өзін ғана асырап қоймайды, ол үлкейіп қасындағы адамдарды жұмысқа ала бастайды. Бір сөзбен айтқан кезде, өзінің де отбасын асырап қоймай, өзгелерге де жұмыс тауып бере алады. Жұмыспен қамту жағын шешуге септігін тигізеді.

Jsk ақпарат

Автор: admin