• 19 апреля, 2024 2:53 пп

ШЫМКЕНТТІК ДӘРІГЕРЛЕР ҚАЛА ТҰРҒЫНДАРЫНА ӘРДАЙЫМ КӨМЕК КӨРСЕТЕДІ!

Автор:admin

Сен 1, 2022

Ұлт жоспарына сәйкес қаламыздың ақ халатты абзал жандары шаһарымыздың әрбір тұрғынына денсаулығын жақсарту бойынша профилактикалық жедел және амбулаториялық медициналық көмектерді көрсетіп келеді.

Қалалық №1 клиникалық аурухана хирургтары балаларды тегін сүндеттеуде. Екі күнге жалғасатын игі шара барысында дәрігерлер жалпы 100 балаға осындай тегін операция жасауды жоспарлап отыр.

Алғашқы күннің өзінде келген тұрғындардың қарасы қалың болды. Себебі, тегін сүндеттеу – әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған жанұялар үшін едәуір көмек. «Оташы мамандар жасаған сүндет балаларғажеңіл әрі қолайлы болды» дейді ата-аналар.

Қала тұрғыны Фатима Мұсаева бүгінгі сүндеттеу қайырымдылық шарасына бес немересін алып келіпті. Ол көп балалы отбасылар үшін мұндай игі шара зор қолғабыс екенін айтады.

Айта кетейік, бұл игі шара қалалық №1 клиникалық аурухана мен «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоры жасаған екі жақты меморандум аясында өтуде. Шымкенттік дәрігерлер тегін сүндеттеу акциясынан бөлек, осы қорда тіркеуде тұрған аналарға тегін  диагностикалық тексеру өткізіп, дәрігерлік кеңес берді. Адамның өміріндегі ең үлкен құндылықтардың бірі. Бізді ештеңе мазаламай, еш жеріміз ауырмай тұрғанда, дүниені төңкеруге, маңызды шаруалармен айналысуға дайынбыз. Ал ауру келсе, ештеңеге зауқымыз соқпайды, өмірдің мәні кеткендей болады. Шынында, денсаулықпен проблема болмағанда, бұл туралы ойланбаймыз. Ал қалай ауру келеді, бар шаруа шетке ысырылып, денсаулық ең бірінші орынға шығады. «Қай жерің ауырса – жаның сол жерде». Денсаулыққа көп фактор әсер ететіні белгілі: тұқымқуалаушылық, қоршаған ортаның ластануы, денсаулық сақтау органдарының деңгейі,бірақ ең алдымен белгілі бір адамның өмір сүруі образы көбірек себепші болады. Денсаулықты бала кезден сақтаған жөн. Өйткені «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеген» әлдеқайда оңай әрі тиімді. Бүгінгі таңда денсаулықты құртатын тағы бір себеп: артық салмақ не салмақтың жеткіліксіздігі. Артық салмақтылардың көбінде қант диабеті, артрит, жүрек-қантамыр ауруларымен ауыру ықтималдығы жоғары. Яғни деннің сау болуы үшін дұрыс тамақтанудың орны маңызды. Дана халқымыз «Ауру – астан» деп бекер айтпаған. Сау адамның тамақ рационында ақуыз бен майлар, көмірсу жеткілікті мөлшерде болуы шарт. Ет пен сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, табиғи әрі құнарлы тамақтарды пайдаланған абзал. Тез дайындалатын тамақтар (пицца, гамбургер, қытырлақ чипстер мен фри, т.б.), газды сусындар, көп мөлшердегі қант, дүкен йогурттары мен тәтілерінен бас тартқан жөн.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin