• 8 мая, 2024 6:15 пп

ШЫМКЕНТТЕ «STOP BULLYING» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ТРЕНИНГІ ӨТТІ

Автор:admin

Авг 7, 2022

Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Мемлекеттің тұрақты дамуының негізі – бәсекеге қабілетті жастар буыны, ал бұл тікелей жас қазақстандықтардың білім мен білік сапасына, олардың ұмтылысы мен ынтасына байланысты. Сондықтан да мемлекеттік саясаттың негізгі бағытының бірі — жастар секторы. Жастар секторына Қазақстанда айрықша назар аударылады. Өскелең ұрпақ әрдайым заман сұранысына сай бейімделуіне, кейде әлемдік дамудың алдын алуға, бүгінде республикамызда білім беру әдістемесіне өзгерістер енгізілуде, үш тұғырлы тілді меңгеру, заманауи ІТ-технологиясын енгізу, робототехника және тағы басқа жаңашылдыққа баса назар аударылуда. Осының барлығы дерлік  кең ауқымдағы жетістікке жету жолына барлық алғышарттары бар біздің жастардың қозғаушы күші ретінде танылады. «Ықылым заманнан бері қазақ атамыз „Білекті бірді, білімді мыңды жығады“ деген сөз қалдырған. Қазақтың бұл мақаланың өзі бүгінгі күні айрықша мәнге ие болып отыр. Бұл заман білекке емес, білімге сенетін заман. Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Сол білімді қажетке, тұрмыс игілігіне жарата білуімізбен ғана бағаланады. Инемен құдық қазғандай, қиын күрделі, орасан қажыр қайрат пен ерік — жігерді талап ететін білімсіз өмір тұл», Мемлекеттік жастар саясатының жетістігінің өзіндік көрсеткіші ретінде республикамыз жеткен жетістіктерді айтуға болады. Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ерікті жастарға семинар-тренинг өтті. Мақсаты — жастар мен жасөспірімдер арасында отбасындағы зорлық-зомбылықтың, девиантты мінез-құлықтың өз-өзіне қол жұмсау деңгейін азайту, күйзелістік жағдайлардың алдын-алу және жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру. Тақырыпты ашып айтқанда  кибербуллинг — интернет, әлеуметтік желі, түрлі сайт арқылы қоқан-лоқы көрсету. Жәбірлеуші телефонмен хабарласып немесе әлеуметтік желіде жазып, адамды қорқыта алады. Кибербуллинг жасаушы ауызша немесе белгілі бір фото, видео жариялап қорлауы мүмкін. Сонымен қатар құрбанға зиян тигізу мақсатында ойластырылған арнайы тапсырыс аясында кибербуллинг белгілері байқалуы мүмкін. Осы сынды мәселелер тренинг барысында жастарға толыққанды айтылып, кибербуллингтің құрбаны болудан аулақ болуға шақырды.

Jsk ақпарат

Автор: admin