• 26 апреля, 2024 4:50 дп

Шымкентте «EcoStudentKZ» челленджі өтті

Автор:admin

Окт 2, 2022

Шырайлы Шымкент күн санап дамып өркендеп өсіп жатқан мегаполистер қатарында. Қаламыздың тазалығы оның тұрғындары мен қонақтары үшін өте маңызды мәселелердің бірі. Еліміздің үшінші шаһары осы бағытта қоғамды бір арнаға ұйыстырып, ортақ үйміздің тазалығына баса мән береді. Бүгінде халқы 1 млн астам аглемерациялы ортамыздың жанашыр студенттерінің  бастамасымен «EcoStudentKZ» челленджі бастау алды.

Алғаш болып шымкенттік студенттер «Қошқар ата» өзенінің жағалауында бейберекет жатқан қоқыс орындарын тазалап «Эко-плоггинг» өткізді.
Келесі кезекте павлодарлық студенттер эстафетаны жалғастырып, қаланың саябақтары мен алаңдарын қоқыстан тазартатын болады.

Қазақстан тұрғындарына айтарымыз — өзің отырған жерге қоқыс тастама. Осы челлендж арқылы отанымызға деген сүйіспеншілігімізді танытайық!

Jsk ақпарат

Автор: admin