• 26 апреля, 2024 12:33 дп

ШЫМКЕНТТЕ 2 БАҒДАРҒА ЖАҢА АВТОБУС ҚОСЫЛДЫ

Автор:admin

Сен 8, 2022

Әлеуметтік мәні бар қалалық нөмірі № 55 және № 149 бағыттағы қоғамдық көліктері 6 жаңа автобуспен толықты.  Қыркүйек айынан бастап аталған бағыттағы жаңа автобустар жолаушыларды тасымалдау қызметіне кіріседі. № 149 автобус маршрутына 4 бірлік қосылып, жалпы саны 10 автобусқа артты. Ал, № 55 автобус маршрутына 2 бірлік қосылып, жалпы 8 автобус жүретін болады.  Айта кетейік, жаңалау жұмыстары жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы мен тасымалдаушы компаниялардың арасында түзілген келісім-шарттар негізінде атқарылды. Бүгінде қала ішінде қатынайтын қоғамдық көліктер саны 1000-ға жуық. 78 тұрақты қалалық маршрут бойынша күнделікті маршруттарға 843 автобус шығады. Жеке меншік нысанындағы 10 компания жолаушыларды тасымалдау қызметін көрсетуде. Ал, пайдалану мерзімі 3 жылға дейінгі автобустар саны 890 автобус немесе 89% құрайды. Жаңа автобустар қай бағыттарға жүреді? Шалғай елдімекендерге қатынай ма?  Жаңа 440 автобусқа 7 компания өтінім берді. Олардың барлық құжаты сай келіп жатса, конкурстан өтеді және автобустар сол компанияларға беріледі. Ал шалғай елдімекендерге келсек, жалпы қаламызда 33 елдімекен бар. Сонда тұратын халық та қалаға қиындықсыз қатынауы қажет. Біз бұл мәселені де басты назарға алдық. Шалғай елдімекендердегі халық қалаға қатынауы үшін 6 ХАБ-ты анықтадық. ХАБ дегеніміз – қаладағы халық көп шоғырланатын жер. Мысалы, базарлар, автобекеттер және ірі орталықтар. Адамдар сол жерге жетсе, ары қарай діттеген орындарына бара алады. Бұған дейін бір автобус бірнеше орталыққа қатынаса, енді олардың жүру аймағын қысқартамыз. Автобустар жолаушыны бір нүктеге ғана жеткізе алады. Демек, шалғай елдімекендегі халық бір ХАБ-қа жетіп алады. Егер басқа да жаққа барғысы келсе, радиалды, кварталды, магистралды автобустарға отырады. Радиалды автобустар дегеніміз – қаланы домалақ шеңберде айналып жүретін қоғамдық көліктер. Ал магистралды автобустар тіке жүреді. Кварталды автобустар шағынаудандарға қатынайды. Жаңа автобустар қай бағыттарға жүреді? Шалғай елдімекендерге қатынай ма? Жаңа 440 автобусқа 7 компания өтінім берді. Олардың барлық құжаты сай келіп жатса, конкурстан өтеді және автобустар сол компанияларға беріледі. Ал шалғай елдімекендерге келсек, жалпы қаламызда 33 елдімекен бар. Сонда тұратын халық та қалаға қиындықсыз қатынауы қажет. Біз бұл мәселені де басты назарға алдық. Шалғай елдімекендердегі халық қалаға қатынауы үшін 6 ХАБ-ты анықтадық. ХАБ дегеніміз – қаладағы халық көп шоғырланатын жер. Мысалы, базарлар, автобекеттер және ірі орталықтар. Адамдар сол жерге жетсе, ары қарай діттеген орындарына бара алады. Бұған дейін бір автобус бірнеше орталыққа қатынаса, енді олардың жүру аймағын қысқартамыз. Автобустар жолаушыны бір нүктеге ғана жеткізе алады. Демек, шалғай елдімекендегі халық бір ХАБ-қа жетіп алады. Егер басқа да жаққа барғысы келсе, радиалды, кварталды, магистралды автобустарға отырады. Радиалды автобустар дегеніміз – қаланы домалақ шеңберде айналып жүретін қоғамдық көліктер. Ал магистралды автобустар тіке жүреді. Кварталды автобустар шағынаудандарға қатынайды.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin