• 26 апреля, 2024 8:19 дп

Шымкентте пікірсайыс мәресіне жетті!

Автор:admin

Май 27, 2022

Еліміз өзінің 30 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды.  Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз. Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясының өзектілігі арта түседі. Біз қиындықтарды уақтылы болжай алдық.  Президент Қасым Жомарт Тоқаевтың “Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру жолы” атты жолдауын жастар арасында насихаттау мақсатында және Ұлы Отан соғысының 77 жылдығына орай Шымкент Жоғары педагогикалық колледжі және Шымкент  қаласы  білім басқармасы әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен, Шымкент қаласы Әділет департаменті және “Alpha Academy” филиалының қолдауымен “Мәңгілік ел жастары — ұлы мұрат жолында” тақырыбында қалалық пікірсайыс турнирі болып өтті.  Турнирге білім басқармасына қарасты 57 білім мекемесінен 68 фракция қатысып, 128 спикер бақтарын сынады. Тартысты ойында  қаламыздағы ЖОО студенттері төрешілік жасады. Турнир нәтижесінде жүлделі  I  орын және “Shymkent жоғары педагогикалық колледжінің” оқу грантын(100%)  Т.Тәжібаев атындағы N47 мектеп-гимназия оқушылары Салыбек Шұғыла, Рахмаш Нұрбақ иеленсе, № 89 IT лицейдің оқушылары  Сембиева Бағдат, Юсупбекова Фатима II орын иегері  (50%) атанды. III орынды (30%) N1 Дарын мектебінің оқушылары Бақытбек Диана, Бауыржан Сержан қанжығасына байлады. Ал турнирдің жартылай  кезеңінде керемет ойын өрнегін  көрсеткен №30 жалпы білім беретін мектептің оқушылары Тастемір Жәнібек, Ералиева Мадина  «Үздік талпыныс» номинациясының иегері атанды. Ал Линкольн және Дуглас форматы бойынша  турнирге қатысқан 128 оқушының ішінен оқ бойы озық шыққан N75 мектеп-гимназия оқушысы Рүстем Гүлжамал турнирдің «Ең үздік спикері» атағын жеңіп алды. Ойын барысында үздік ойын көрсеткен фракциялар арнайы номинациялар мен сыйлықтарға ие болды! Турнирдің жоғары деңгейде өтуіне қосқан үлесі үшін Шымкент Жоғары педагогикалық колледжіне, Шымкент қаласы Әділет департаментіне, “Alpha Academy” филиалына және Шымкент қаласы пікірсайысшыларына зор алғысымызды білдіреміз!

Jsk ақпарат

Автор: admin