• 24 апреля, 2024 11:19 дп

Шымкентте индустриалды аймақтардың саны өсіп келеді!

Автор:admin

Апр 8, 2023

Ағымдағы жыл Шымкент қаласы үшін жемісті жыл болды. Индустриалды аймақтардың қатары толығып, жаңа өндіріс орындары пайда болды. Кәсіпорындар шоғырланған, кәсіпкерлік қарқынды дамып келе жатқан шаһарда инвестициясын салуға ниет білдіргендер отандық және шетелдік азаматтар жетерлік. Сондықтан болар, Шымкент қаласы 2022 жылдың қорытындысы бойынша бизнес ортасын жүргізуге қолайлы жағдай жасаған республикадағы ең үздік аймақ болып танылды. Республикалық маңызы бар қалалар қатарында Шымкент қаласының инвестициялық мүмкіндіктері артты. Қазіргі таңда жалпы аумағы 749 га құрайтын «Жұлдыз» индустриялық аймағын құру, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын қосымша кеңейту, «Бозарық» агро-индустриялық аймағын құру және Көлік-логистикалық аймағын қосымша 136 га-ға кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Береке Дүйсебеков, Шымкент қаласының кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы: «Жалпы 2022-2025 жылдар аралығында 622 миллиаард теңгеге 8,3 мың жұмыс орнын құрумен 66 жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде, 2022 жылы 51,4 миллиард теңгеге 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құрумен 14 инвестициялық жобаны іске қосу жоспарланған еді. Бүгінгі таңға жалпы құны 29,2 миллиаард теңгені құрайтын 520 жаңа жұмыс орны бар 6 инвестициялық жоба іске асырылды. Сондай-ақ, 2022-2026 жылдары жалпы құны 2,6 трлн. теңгені құрайтын 20 мыңнан аса жаңа жұмыс орнымен 283 инвестициялық жобаның пулы жасақталған. Оның ішінде, биылғы жылдың соңына дейін 173,1 миллиард теңгеге 50 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Ол меже де орындалды». 9 айдың қорытындысы бойынша жалпы өнеркәсіпте өндірілген өнім көлемі 666,4 миллиард теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 6,7 пайызға артқан. Қала экономикасына 327,9 миллиард теңге инвестиция тартылып, өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға артқан. Ал, шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 101 мыңнан астам бірлікті құраса, бөлшек сауда көлемі 417,9 миллиард теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 11,5 пайызға артып отыр.Тассай индустриалдық аймағында ашылған біріккен кәсіпорындардың өнімдері нарықта сұранысқа ие. Саркор Исонбоев, компания тобының бас директоры: «Бүгін инвестициялық жобаны таныстырып жатырмыз, екінші кезеңінің құрылысы бастады. Дәрілік заттардың бағасы қолжетімді». Шаһарда 2021-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылатын құны 2,7 трлн. теңгеге 296 инвестициялық жобалардың базасы жасақталды. Осы жаңа бастамалар арқылы 20 мыңнан аса жұмыс орындары құрылмақ. Оның ішінде 2022 жылы құны 241 млрд.теңгені құрайтын 65 инвестициялық жоба іске асырылып, 2500 жаңа жұмыс орны ашылды. Береке Дүйсебеков, Шымкент қаласының кәсіпкерлік индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы: «Сауда айналымы 302 млн. долларға  жеткен. Қазақстандағы 1200 өзбекстандық кәсіпкерлердің 10 пайызы, яғни  120- сы осы Шымкентте өндірісін ашқан». Шымкенттің инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін кәсіпкерлер мен инвесторларға «Бір терезе» қағидатымен «Бизнеске арналған үкімет – Shymkent Invest» фронт-кеңсесі жұмыс жұмыс істейді. Мекеме кеңес беру, мемлекеттік қызметтерді көрсету, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға сүйемелдеу және инвесторларға жолығатын шектеулерді жоюға көмектеседі. Тағы бір бастама қаланың жалпы инвестициялық ахуалын жақсарту мақсатында Шымкент қаласы әкімдігі жанындағы инвестициялар тарту мәселелері жөніндегі штаб нәтижесін берді.2022 жылдың қорытындысы бойынша Шымкент бизнес ортасын жүргізуге қолайлы жағдай жасаған республикадағы ең үздік аймақ болып танылды.

Jsk ақпарат

Автор: admin