• 19 марта, 2024 3:30 дп

 Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың  «Еңбек» бағдарламасы — халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға және азаматтарды кәсіпкерлікке тартуға бағытталған бірегей бағдарлама. Мамандығына сай қызмет табылмаса, қайта даярлау курстары қарастырылған. Сондай-ақ кәсіп бастаймын деушілерге шағын несиелер мен қайтарымсыз гранттар беріледі. Кәсіпкерлер алған қаражаттарына тігін шеберханасы, наубайхана, сән салоны, фотостудия, қыз жасауы орталықтарын ашса, енді біреулері кондитерлік және жартылай дайын өнімдерді шығаруды, мал, құс шаруашылықтарымен айналысуды басқа да кәсіп түрлерін бастады. Қазіргі таңда жұ­мыссыздарға әртүрлі мамандықтар бойын­ша курстар ашылып, кәсіптік білік­тіліктерін арттыру ісі қолға алынғаны белгілі. Қысқа мерзімді қайта даярлау курстары еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытылады. Былтыр пандемияға байланысты төтенше жағдай кезінде Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамтудың негізгі құралы — «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы іске қосылды.  Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде «Жастар тәжірибесі» бойынша 538 түлек жұмысқа орналасты. Жалақысы әлеуметтік төлемдерімен 72 925 теңгені құрайды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 85 жас жұмысқа тұрса, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына 29 жас бағытталды. Жобаның мақсаты — жастардың алғашқы жұмыс орындарына өз мамандықтары бойынша тәжірибе жинақтап, әрі қарай сол жерде тұрақты жұмысқа орналасуына ықпал ету. «Ұрпақтар келісімшарты» жобасына 6 жас бағытталды. Бұл жобаның мақсаты — зейнеткерлік жасқа жетсе де жұмыс істеп жүргендерді ауыстыру арқылы жұмысқа орналастыру. Сондай-ақ 4293 жас тұрақты жұмыс орындарына тұрса, 199 жас қоғамдық жұмыстарға тартылды, Шымкент қаласында қазір 204 га болған 113 жылыжай кешені орналасқан. Оның ішінде аумағы 71 га құрайтын 23 өнеркәсіптік жылыжайда ауылшаруашылық өнімдері өсірілуде. Бұл жылыжайларда жылына 17 мың тоннадан астам қызанақ, қияр және басқа да көкөніс өнімдері өндіріледі. Өнімдер ішкі нарықты қамтып қана қоймай, көрші елдерге экспорт жасалады.  Бүгінде қала тұрғындарына балғын көкөніс жеткізіп отырған кешеннің бірі – Бозарық тұрғын алабында орналасқан «Зауре» жылыжайы. Аумағы 3 гектарлы өндірістік жылыжай кешені 2020 жылы іске қосылған. Жылыжай «Агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салынымдар кезінде жұмсаған шығыстардың бір бөлігінің орнын толтыру бойынша субсидиялау» және тыңайтқыш құнын субсидиялау бағдарламалары бойынша мемлекеттен қолдау алғаннан кейін көкөніс өндіру ісі өркендеді. Туркияның алдынғы қатарлы технологиясымен жабдықталды. Жылына 600 тонна өнім өндіріліп отырған агрокешенде 30-дан астам адам жұмыспен қамтылып, қызанақтың органза, мэрлис және тарелино түрлері өсіріліп жатыр. Өнімдер қала нарығы мен еліміздің солтүстік өңірлеріне саудаланады.

 

Jsk ақпарат

Автор: admin