• 19 апреля, 2024 7:23 пп

Шымкентте жастар мәселесін шешу бірінші орында!

Автор:admin

Окт 2, 2022

Қай кезді алып қарасаң да қоғамның қозғаушы күші жастар болып табылады. Демек, бүгінгі күн де, ертең де, болашақта жастардың қолында. Жастар деген кім? Оларға қандай миссия жүктеледі. Бүгінгі заманның жастары қандай болмақ? Мемлекет — жастарға барлық мәселеде қолдау білдіріп, мүмкіндіктер жасауда. Білім жүйесінде де гранттардың саны артқаны, шетелде оқуға жастардың қолжетімділігі, яғни қайда барып білім аламын, тәжірибе жинақтаймын десенде бәрі өзіне байланысты екендігі белгілі. Жастар ұйымдары мен құрылымдары да қызмет етуде. Оқы, ойындағы сәтті идеяларынды іске асыр. Қанша жерден еліне көңілін толмаса да, Қазақстандай елді ешқайдан іздеп таппайсың. Кезінде Ғ.Мүсірепов «өз туған еліннен артық ел де, жерде жоқ»,-деп басып айтқан. Бірақ келеңсіз жайлар қайдан шығуда бәрі дұрыс еді деу тағы да дұрыс болмас. Үлкен, қажетті мәселелер тек қағаз жүзінде қалып, шынайы келбетін таппауының өзі ірі олқылық.

Уақыт сызығы жылжыған сайын жауаптар ғана емес, қойылар сұрақтар да ескіріп, қажетсізге айналады. Бүгін былай еді, ертең неге өзгеше болды деп шүйлігуге болмайды. Сондықтан үнемі жаңаруды қажет ететін мәселінің ең бастысы — жастар. Үнемі құрамы да өзгеріп отырады. Бүгінгі он үш жасар жас жеткіншек келер жылы жастар қатарына қосылады.

Қазіргі уақытта көптеген адамдарды ең алдымен жастар мәселесі толғандыратыны ақиқат. Соның ішінде қыздар тәрбиесі өзекті.   Қыз баланы келешек ана, бала тәрбиешісі, отбасы ұйтқысы деп түсінген халқымыз оның еңбексүйгіш, өнегелі, өнерлі болып өсуіне ерекше мән берген. Осы бағытта Шымкентте «Қыздар кеңесі» мектебі жобасы аясында  Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен  «Ел сұлуы – қыз бала» атты психологиялық кездесу ұйымдастырылды. Жобаның мақсаты – жастар мен жасөспірімдер арасында белең алып жатқан ерте жүктіліктің алдын алу және қыз балаларға профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жүргізу. Кездесуге Абай аудандық Аналар кеңесінің төрайымы – Бибіфатима Хамитбекова, Шымкент қаласы бойынша тәжірибелі психолог, психотерапевт коуч практик және психологиялық кітаптардың авторы — Жанат Атаева, «Медикер ЮК» медициналық орталығының гинекологы Бибігүл Пирниязова, Шымкент қаласы бойынша тәжірибелі психолог арт-терапевт, психотерапевт Асанова Салтанат және жоғары және орта арнаулы оқу орындарының психологы мен қыздар ұйымы қатысты. Басқосу барысында аутодеструктивті мінез-құлыққа бейім жастар мен жасөспірімдердің психологиялық сауаттылығын арттыруға бағытталған көрініс көрсетілді. Сонымен қатар психологтар өмірлік қиын жағдайға түскен жастарды әлеуметтік қоғамға тарту мәселелері айтып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу – ата-ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті екенін айта келе, бұл бағыттағы жұмыстар ұлттық дәстүрді негізге ала отырып жүйелі жалғасатындығын жеткізді. Басқосуда  жиынға қатысушылар өзекті мәселелер төңірегінде өзара пікір алмасып, ойларын ортаға салды.

Jsk ақпарат

Автор: admin