• Вт. Окт 13th, 2026

Шымкентте балалар терезеден құлап кетпеуі үшін алдын алу шарасы өтті

Автор:jsk.kz

Авг 21, 2026

 

Шымкенттің Тұран ауданында балалардың терезеден құлау жағдайларының алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Тұран ауданы әкімдігі мен аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері «БИІК» көпқабатты тұрғын үйіндегі 100-ге жуық пәтерді аралап, ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмау және терезелерге қауіпсіздік құралдарын орнатудың маңызын түсіндірді.

Балалық шақ – әрбір адамның өміріндегі ең қамсыз әрі жарқын кезең болуы тиіс. Алайда, заманауи әлемде баланы қоршаған ортада да, виртуалды кеңістікте де түрлі қауіп-қатерлер торып тұрады. Сондықтан баланың физикалық, психологиялық және цифрлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ата-ананың, мектептің және бүкіл қоғамның ортақ міндеті. Балалардың қауіпсіздігі – бұл тек тыйымдар жиынтығы емес, бұл – баланы қоршаған ортада дұрыс бағдар бағдарлай білуге үйрету мәдениеті. 

Шара барысында екі отбасына терезе блокираторлары орнатылып берілді.

Арнайы құрылған топ тұрғын үйдің 100-ге жуық пәтерін аралап, тұрғындармен, әсіресе жас балалары бар ата-аналармен бетпе-бет жүздесті. Кездесу аясында мамандар тұрмыстық қауіпсіздік ережелерін еске салып, балалардың биіктен құлауының алдын алу жолдарын түсіндірді.

Түсіндіру жұмысы кезінде басты назар терезе қауіпсіздігіне аударылды. Жыл сайын жылы мезгілде балалардың терезеден құлау оқиғалары жиілеп кетеді. Бұған басты себеп – ата-аналардың москит торларына тым сеніп қалуы.

Төтенше жағдайлар басқармасының өкілдері келесі маңызды ережелерді қаперге салды:

Аралау барысында тұрғындарға ақпараттық брошюралар мен қауіпсіздік ережелері жазылған жадынамалар таратылды. Ата-аналар тарапынан да бұл бастама оң бағаланып, қойылған сұрақтарға тұщымды жауаптар берілді.

Тұран ауданы әкімдігі мен Төтенше жағдайлар басқармасы өкілдері мұндай профилактикалық аралаулар аудан аймағындағы басқа да көпқабатты тұрғын үйлерде жүйелі түрде жалғасатынын хабарлады.

Мамандардың басты үндеуі: «Баланы үйде ешқашан қараусыз қалдырмаңыз! Көзді ашып-жұмғанша болатын қайғылы оқиғаның алдын алу — әрбір ата-ананың тікелей жауапкершілігі.» 

Аудандық Төтенше жағдайлар басқармасының офицері, аға лейтенант Диас Мақұлбектің айтуынша, биыл Тұран ауданында балалардың терезеден құлауына байланысты үш жазатайым оқиға тіркелген. Осыған байланысты алдын алу және түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде.

Мамандар балалардың қауіпсіздігі ең алдымен ата-аналардың жауапкершілігінде екенін ескертіп, терезелерді ашық қалдырмауға және қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырды.

Алдын алу шаралары алдағы уақытта да жалғасады.

Автор: jsk.kz