• 20 апреля, 2024 9:50 дп

ШЫМКЕНТТЕГІ ОҢДЫ ІСТЕР! ҚАЛАНЫҢ БҮГІНГІ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ!

Автор:admin

Окт 5, 2022

МЕТАЛЛУРГТЕР СТАДИОНЫ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУДА

Шымкенттегі металлургтер стадионы қайта жаңаруда.  Өткен ғасырдың 50-ші жылдары салынған спорттық нысан осы кезге дейін жөндеу көрмеген, қазір қайта жаңғыруда.  Құрылыс барысын шаһар басшысы М.Әйтенов арнайы барып, жұмыстардың орындалу барысын тексерді.  Жоба бойынша мұнда әкімшілік-тұрмыстық корпус (АБК), спорт залдар, асхана, командалық ойындарға арналған спортзалдар, 62 орынға арналған спортшылар үйі, 1504 орынға арналған трибуна, командалық киім ауыстыру бөлмесі, спорттық тренажерлер алаңшасы, ойындар алаңшасы, кешенде қолданылатын спорттық табло, сумен жабдықтау сорғысы, кәріз сорғы бекеті салынуда. Аумағы 3 га аса жерді қамтитын нысанның құрылысы 2020 жылдың наурызында басталған, бүгінге дейін біршама жұмыстар атқарылды. Стадион құрылысы келесі жылға өтпелі.

М.ӘЙТЕНОВ ҚОСЫМША ҒИМАРАТ ҚҰРЫЛЫСЫН ТЕКСЕРДІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов № 45 мектеп-гимназиясы жанындағы қосымша ғимарат құрылысының барысын тексерді. Нысан Ш. Қалдаяқов көшесінің бойындағы білім ошағының жанынан салынуда, ауданы 1,2909 га жерді қамтиды. Мұнда жаттығу және гимнастикалық сабақтарға арналған спорт залы қарастырылған. Сыйымдылығы 300 адам. 25 оқушы отыратын 12 сынып қарастырылған.  Нысан құрылысы осы жылдың көктем айларында басталған. Аяқталу мерзімі — келесі жылдың тамыз айы.

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН НАСИХАТТАУҒА БАҒЫТТАЛҒАН АЙТЫС ӨТТІ

Шымкентте «Қаратау» өнер мектебінде жас айтыскер ақындар арасында «Отбасы – тәрбие бастауы» атты отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған айтыс өтіп жатыр. Ұлттық өнеріміздің дамуына қолдау көрсеткен – Қаратау ауданының әкімі Рақымберді Мулкеманов.Өнер додасына Аллажар Бекмұратұлы, Мейіржан Жақып, Расул Баянбай, Бекарыс Рахматуллаев, Даниял Болысбек, Елсия Құлақмет, Сұлтан Сәуірхан, Нұрғали Әнәпия атты жас ақындар және қаламыздағы білім ордаларының  дарынды оқушылары қатысты.

–Бүгін жас ақындардың арасында үлкен дода болып жатыр. Жастардың арасында айтыс ұйымдастырып, ұлттық өнерімізді ұлықтау және отбасы құндылықтарын сақтау мақсатында осындай іс-шаралардың өтуіне ұйытқы болып отырмыз. Додаға түсіп жатқан жастарға сәттілік тілеймін,-деді Қаратау ауданының әкімі. Өнер додасында ақындар ұлттық тәлім-тәрбие, отбасындағы ынтымақ, ата-ананың қадіріне жету, бала тәрбиесін дәріптеуде.

Jsk ақпарат

Автор: admin