• 15 мая, 2024 1:47 дп

ТҮРКІСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТІП ЖАТЫР

Автор:admin

Апр 10, 2024

 

Қазығұрт ауданында қоршаған ортаны қорғау және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында көгалдандыру және тазалық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясында аудандағы қоғамдық орындарға 27 500 түп көшет мен гүлдер отырғызылды.

Сондай-ақ, аудандағы кәсіпорындар, мекемелер өз аулаларында ауқымды сенбіліктер ұйымдастырып, тазалық және көктемгі жұмыстарды атқаруда. Экологиялық акцияға аудан тұрғындары, белсенді жастар, мемлекеттік қызметкерлер мен еріктілер қатысып жатыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin