• 26.06.2026 03:11

ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТЫҚ ЖАСТАР ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА МҮСІНДЕРДІ ӘРЛЕДІ

Автор:jsk.kz

Апр 10, 2024

 

Сарыағаш ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы барысында ауқымды істер жалғасын табуда. Осыған орай, сарыағаштық жастар Жібек жолы ауылдық округінде тазалық жұмыстарын жүргізді. Сондай-ақ, ағаш түптерін әктеп, мүсіндерді әрледі.

Акцияның негізі мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Сонымен қатар, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштік, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: jsk.kz