• 16 мая, 2024 12:45 дп

ТҮРКІСТАН: «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА СОЗАҚТЫҚТАР БЕЛСЕНЕ АТСАЛЫСУДА

Автор:admin

Апр 10, 2024

Созақ ауданында «Таза Қазақстан» республикалық акциясының «Таза өлке» апталығы аясында тазалық және көгалдандыру жұмыстары қарқын алды. Санитарлық тазалықты сақтап, аудан аумағын көгалдандыру мақсатында ұйымдастырылған бастамаға аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен бюджеттік мекеме қызметкерлері, тұрғындар аса белсенділікпен атсалысуда.

Атап айтқанда, 100-ге тарта медицина қызметкерлері Шолаққорған ауылындағы арықтарды тазалап, тал көшеттерін әктеуде. Сондай-ақ, қоқыс қалдықтарын жинауда. Сонымен қатар, еріктілер «Жасыл белдеу» аумағына тал көшеттерін отырғызып жатыр. Алдағы уақытта онда 4 000-нан астам тал көшеттері егіледі деп күтілуде. Ауыл-кент, округтердегі көше бойлары әктеліп, тазалық жұмыстары қарқынды жүруде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin