• 15 мая, 2024 12:17 пп

ТҮРКІСТАН: МАҚТААРАЛДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АКЦИЯ АЯСЫНДА 5 000 ТҮП ГҮЛ ЕГІЛІП ЖАТЫР

Автор:admin

Апр 10, 2024

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде жаппай гүл егу жұмыстары басталды. «Мырзакент қызмет» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны 1 000 түп георгина, 1 500 түп гарцания, 1500 түп сальвия, 500 түп анютка және 500 түп раушан сынды гүлдердің бірнеше түрі егіп жатыр. Сондай-ақ, аудан орталығындағы кәсіпкерлік мекемелер де өз аулаларында көгалдандыру жұмыстарын жүргізуде.

«Егіліп жатқан гүлдердің өз ерекшеліктері бар. Сабағы нәзік болғанмен, тамыры қуатты. Гүл — кез-келген адамның көңіліне жылу сыйлайды. Әдеміліктің, сыйластықтың символы. Бұл жұмыстар акция аясында жандана түсті. Алдағы уақытта жалғасын табатын болады» — деді «Мырзакент қызмет» МКК-ң директоры Тимур Адамбек.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin