• 29 марта, 2024 10:25 дп

ТҮРКІСТАН: ЖЕТІСАЙДА КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ӘУЛЕТІ ДАУЫС БЕРДІ

Автор:admin

Мар 19, 2023

 

Жетісай ауданына қарасты Жылы су ауылдық округіндегі №220 сайлау учаскесіне Сүттібаевтар әулетінің анасы 75 немере мен 30-ға тарта шөберенің, 8 шөпшектің әжесі Зәуре Сейдімбекқызы келін-қыздарымен келіп өз таңдауларын жасады.

14 жасында осы әулетке келін болып түскен апамыз 13 перзентті өмірге алып келген. Әулеттің ерекшелігі – Зәуре апаның қыздары да, келіндері де көпбалалы ана. Әр отбасында 6-7 перзенттен бар.

«Бүгін міне келіндеріммен бірге келіп, өзіміз таңдаған үміткерлерге дауыс беріп жатырмыз. Барлығы әділетті, заңды түрде өткізіліп жатыр. Тіпті аудандағы алғашқы келген сайлаушыларға сыйлықтар да үлесітіріліп жатыр екен. Осы күніме шүкір тәуба деймін. Бүгін осы ұрпағымның жарқын болашағы үшін келіндерімді, қыздарымды ертіп келіп таңдауымызды жасадық» дейді батыр ана.

Айта кетейік Жетісай ауданы бойынша 16 498 көп балалы аналар болса, оның 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баласы бар аналар 8160. Батыр аналардың саны 369, «Алтын алқа» 1686, «Күміс алқа» 5537, І, ІІ дәрежелі «Ана Даңқы» ордендерімен марапатталғандар 746-ны құрап отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin