• 24 апреля, 2024 12:12 дп

СТУДЕНТТЕР МЕН ЖАС ҒАЛЫМДАР АРАСЫНДА

Автор:admin

Окт 27, 2022

ШЕРХАН МҰРТАЗА, КАМАЛ СМАЙЫЛОВ, САҒАТ ӘШІМБАЕВ ЖӘНЕ НҰРТІЛЕУ ИМАНҒАЛИҰЛЫ АТЫНДАҒЫ  ТЕЛЕВИЗИЯЛЫҚ

«ТАҢШОЛПАН» ЖАСТАР  БАЙҚАУЫ

Қазақстан Республикасының  Ақпарат  және қоғамдық даму министрлігінің ақпараттық қолдауымен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы жазушы-публицист, өнертанушы, телевизия қайраткері Шерхан Мұртаза, Камал Смайыловтың 90 жылдығына және  тележурналист, жазушы Сағат Әшімбаевтың 75 жылдығына, ҚР мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, тележурналист Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына орай «ТАҢШОЛПАН» телевизиялық жастар байқауын жариялайды.

Конкурсқа  жоғары оқу орындарының студенттері мен 30 жасқа дейінгі жас  ғалымдарқатыса алады.

Байқаудың мақсаты —  жоғары оқу орындарының студенттері түсіретін телефильмдер мен телебағдарламалар өндірісіне қолдау білдіру, телемамандар арасындағы мәдени және шығармашылық байланыстарды нығайту әрі дамыту, ұлттық телевизиялық мектептің жетістіктерін дәріптеу арқылы Қазақ телевизиясының қайраткерлері Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлының есімін ұлықтау.

Байқау шарттары:

Байқауға 2022 жылы түсірілген қазақ тіліндегі авторлық шығармашылық жұмыстар қабылданады.Байқау жұмыстары 2022 жылдың 30 қарашасынадейін mediaschoolalmaty2020@gmail.com  жолдануы тиіс.

Байқау аталымдары:

Үздік бейне материал (Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы жүлде)
Журналистік зерттеу жұмысы (Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев,Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы жүлде)
Үздік мультимедиалық жоба (Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, Сағат Әшімбаев,Нұртілеу Иманғалиұлы атындағы жүлде)

Жеңімпаздарды ұйымдастырушылар мен арнайы құрылған комиссия анықтайды. Үздікшыққан жоба иегерлері қаржылай сыйлықтарменмарапатталып, жұмыстар ҚазақстанРеспубликасының Ақпарат және қоғамдықдаму министрлігі, «Қазақстан» РТРК» АҚ, «Хабар» АҚ және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ресмисайттарында жарияланады.

Телевизиялық «Таңшолпан» жастар конкурсы Қазақстан Республикасының Ақпарат жәнеқоғамдық даму министрлігі және Журналистика факультетінің бастамасымен алғаш ретұйымдастырылып отыр.  Бүгінде «Қазақстан» телерадиокорпорациясының «Алтын қорында» Шерхан Мұртаза, Камал Смайылов, СағатӘшімбаев, Нұртілеу Иманғалиұлыныңжетекшілігімен ашылған ұлттық телевизия жауһарысаналатын «Асыл мұра», «Көкпар», «Қымызхана», «Алтыбақан» «Айтыс», «Терме», «Тамаша», «Парызбен қарыз», «Жүректен» қозғайық», «Құрдастар», «Бетпе-бет» «Nur Tiley» бағдарламалары сақтаулы.

Марапаттау:

Байқау жеңімпаздары 1,2,3-дәрежелі дипломдармен марапатталып, шәкіртақы тағайындалады.

Байқауға жолданған жұмыстар мен жобаларға қойылатын техникалық талаптар:

Жұмыстар электронды түрде, ал тележобалар ютуб арнасына жазылып сілтемелері  ұсынылуы тиіс.  

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІНІҢ МЕКЕН-ЖАЙЫ:

Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 71

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Журналистика факультеті

Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының меңгерушісі, с.ғ.д., профессор Г.С. Султанбаева тел.: +77272211492, моб.: +77011527488, +77073777049

Ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі кафедра меңгерушісінің орынбасары, PhD  А.Б.Ақынбекова, тел.: +77272211351, моб.: +77772750861

Автор: admin