• 29 марта, 2024 7:46 дп

ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ: КАНДИДАТТАР 21 ҚАЗАНДА ӨЗ БАҒДАРЛАМАЛАРЫН ТАНЫСТЫРАДЫ

Автор:admin

Окт 17, 2022

 

«ҚР Сайлау туралы» заңы бойынша биылғы Президент сайлауы алдындағы үгіт 21 қазан күні сағат 18:01-ден басталып, 18 қараша күні сағат 24:00-де аяқталады. Ал 19 қараша – тыныштық күні.

Орталық сайлау комиссиясының мәлімдеуінше, әр кандидат өкілдік ететін сайлаушылар санының кем дегенде 1 пайызының қолын жинау қажет. «Бұл жеткілікті уақыт» дейді үміткер Жигули Дайрабаев.

«20 қарашада өтетін Президент сайлауына кандидат болып тіркелдім. Ең алдымен ОСК мүшелеріне, екіншіден санаулы күннің ішінде сайлаушылардың 1 пайыздан астам қолын жинап берген «Ауыл» партиясы мен «Қазақстан фермерлері» қауымдастығының мүшелеріне ризашылығымды білдіремін. Қазақстанның патриоты ретінде оны өте жақсы сезінемін, жауапкершілікті түсінемін. Осы сайлауда кандидат ретінде алға қойған жоспарларым бар. Оның бәрін заңға сәйкес 21 қазан күні кешкі сағат 18.00-ден кейін жариялаймыз. Сайлау заңнамасына сай үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, көпшіліктің қолдауына сенеміз. Әрбір сайлаушының дауысын алуға тырысамыз. Жасыратыны жоқ, өзім де қол жинадым. Жұбайым да көмектесті. Жеке өзім 450-500 қол жинадым», — деді Жигули Дайрабаев.

18 қараша күні үгіт-насихат жұмыстары аяқталғаннан соң, 20 қараша күні қазақстандықтар Президент сайлауына қатысып дауыс береді.

 

Автор: admin