• 9 мая, 2024 7:52 дп

Облыстық мәслихатта мақта және егін шаруашылығындағы қордаланған өзекті мәселелер талқыланды

Автор:admin

Янв 26, 2024

Түркістан облыстық мәслихатыныңтөрағасы Н.Әбішовтың төрағалығымен мақта шаруашылығы мен көктемгі егісжұмыстарының ұйымдастырылу барысынпысықтау мақсатында арнайы жиын өткізілді.

Басты мақсатмақта және егін шаруашылығы бойынша өзекті мәселелердің шешілуіне ықпал ету және диқандар мен шаруаларға мемлекеттен тиісті көмектерді кедергісіз алуларына атсалысу.

Жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Е.Кенжеханұлы, облыстық мәслихат депутаттары, Жетісай, Мақтаарал, Шардара аудандарының әкімдері мен мәслихат төрағалары және осы аудандардың ауыл шаруашылығы бөлімдері мен  «Казсушар» РМК  филиалдарыныңбасшылары, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының және «Ырыс» микроқаржы ұйымының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Атап айтқанда, мақта және егін шаруашылығындағықордаланған өзекті мәселелерді талқылау, ағын су мәселесі мен микроқаржының берілуітуралы мәселелер талқыланды.

Аталған мәселелер бойынша Түркістан облысының ауыл шаруашылығы басқармасыбасшысы Н.Бадырақов, «Казсушар»  республикалық мемлекеттік кәсіпорныныңоблыстық филиалының директоры Қ.Бедебаев, «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығының басқарма төрағасы Б.Әбілдабек, «Ырыс» Микроқаржы ұйымының» басқарма төрағасы М.Мыңбаев баяндама жасады.

Баяндамашылар көктемгі егіс жұмыстары, ағын су және мақта шараушылығына қатысты шаруаларға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар мен оны алу тетіктеріне тоқталып, түсіндіріп өтті.

Жиын соңында облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов аудан әкімдері мен мәслихат төрағаларына баяндамашылар атап өткен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаулар  мен жеңілдіктер туралы шаруаларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.

Сонымен қатар, депутаттардың ауыл округтері мен елді мекендерде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, шаруалардың тиісті қолдауларды өз деңгейінде алуларына көмек көрсетуді ұсынды.

Өйткені, былтыр шаруалар мемлекет тарапынан көрсетілетін жеңілдіктердібілмегендіктен, түрлі топтардың артынан еріп, наразылықтарын көрсеткен болатын.

Жалпы, жиында қаралған барлық мәселелер назарға алынып, тұрақты бақылауда болады.

Автор: admin