• 22.09.2026 20:30

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАРЛЫҒЫМЕН ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ БЕКІТІЛДІ

Автор:jsk.kz

Сен 22, 2026

2026 жылғы 22 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Халық Кеңесіне қатысты екі Жарлыққа қол қойды.

Бірінші Жарлықпен Қазақстан Халық Кеңесінің құрамы бекітілді. Кеңес құрамына қоғамдық ұйымдар, өңірлер, этномәдени бірлестіктер, ғылыми және сарапшылық орта, бизнес, кәсіподақтар, білім, мәдениет, спорт және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін қоса алғанда, 126 азамат кірді.

Шымкент қаласынан Қазақстан Халық Кеңесінің құрамына:
• Латипша Қаймаханович Асанов — «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің Шымкент қалалық филиалының төрағасы;
• Әбдез Рахманұлы Иманқұлов — Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі;
• Әлия Мақсұтқызы Юсупова — Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, «Қазақстан ұлттық гимнастика федерациясы» қауымдастық нысанындағы заңды тұлғалар бірлестігінің президенті енді.

Екінші Жарлыққа сәйкес, Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы 2026 жылғы 23-24 қыркүйекте Астана қаласында өтеді.
Қазақстан Халық Кеңесінің Хатшылығына бірінші сессияны өткізуді ұйымдастыру жөнінде тиісті шаралар қабылдау тапсырылды.

Толығырақ: https://www.akorda.kz/kz/kazakstan-halyk-kenesinin-kuramyn-bekitu-turaly-2284637

Автор: jsk.kz