• 28 марта, 2024 11:26 пп

 

Шымкентте «Аманат» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысы Жанар Бектаева №79 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

–Бүгін еліміз үшін маңызды саяси күн. Ел Президентін сайлаймыз. Сайлауда дауыс беру арқылы еліміздің дамуына, өсіп-өркендеуіне атсалысып, саяси мәдениетімізді көрсетеміз.

Мемлекетіміздің болашағы үшін үлкен қуанышпен дауыс беруге мен де бардым. Таңдаған үміткеріме даусымды бердім.
Дауыс беру әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы деп білем.
Бүгінгідей геосаяси ахуал ушыққан заманда мемлекетіміздің маңызды саяси жаңалығынан сырт қалмай өзіміз үшін, өз еліміздің келешегі үшін сайлауға бір кісідей қатысып, дауыс берсек екен, — деп атап өткен Жанар Бектаева қала тұрғындарын маңызды күннен шет қалмауға шақырды.

Автор: admin