• 19 апреля, 2024 6:25 дп

БҰЛ САЙЛАУДАН ЖАҚСЫЛЫҚ КҮТЕМІН – КЕНТАУЛЫҚ 96 ЖАСТАҒЫ СОҒЫС АРДАГЕРІ

Автор:admin

Ноя 20, 2022

 

Кентау қаласында Ұлы Отан соғысының ардагері Бадан Төребаев саяси науқанға қатысып, өз таңдауын жасады. Елдің жарқын болашағын тілеп, батасын берді.

Ардагер 1926 жылы дүниеге келген. 1944 жылы 15 қазанда әскер қатарына шақырылып, Беларусь майданында ауыр шайқаста ерекше ерлігімен көзге түскен. Сондағы жанқиярлығы ескеріліп, «Ерлігі үшін», «Берлинді алғаны үшін» медальдарымен және І дәрежелі «Ұлы Отан Соғысы» орденімен марапатталған.

— Сайлау – еліміздің алдағы даму бағдарын белгілейді. Мемлекет тағдыры үшін аса маңызды саяси науқанда әрбір азамат саналы түрде сайлауға қатысып, дауыс беруі керек деп ойлаймын. Өйткені ол әр азаматтың өзінің тағдырына, қала берді ел тағдырына әсер етпек. Бұл сайлаудан, келешектен үлкен үміт күтемін, — деді кентаулық қария.

Майдангер соғыстан кейін елге аман оралып Кентау қаласындағы «Мырғалымсай» кенішінде ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан. Отбасында 2 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Кентаулық 96 жастағы ақсақал бүгінде 14 немере, 2 шөбере сүйіп отыр.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin