• 16 апреля, 2024 9:33 пп

Латын әліпбиіне көшу заман үрдісі!

Автор:admin

Сен 12, 2022

Латын әліпбиіне көшу үрдісі бір күндік шаруа емес, кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын, зор жауапкершілікті қажет ететін игі іс. Жаңа әліпби ағымдағы жылдың соңына дейін дайындалады, Келер жылдан бастап әліпбиді енгізу бойынша білім беру ұйымдарында арнайы кесте бекітіліп, жоспарлы жұмыстар жүргізіледі. Ең әуелі білікті кадрлар даярланады, оқулықтар басылып шығарылады, нормативтік сөздіктер әзірленеді. Білікті мамандар даярланып болған соң ғана латын жазуы барлық білім беру ұйымдарында жаппай оқытыла бастайды.

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мұқият оқылып, жан-жақты талдану үстінде. Әсіресе ғалымдарымыз, тіл мамандары, көзі қарақты, көкірегі ояу жастарымыз латын әліпбиі төңірегінде тұщымды ой-пікірлерін білдіруде. Жастардың латын графикасын енгізу мәселесін ықыласпен қабылдағанын атап өткен орынды. Бірнеше тілді еркін меңгерген студенттеріміз интернет кеңістігіне еркін енуде және латын графикасын қолданудың ешқандай қиындық тудырмайтындығын аңғарып отыр. Жеткілікті ұйымдастыру мүмкіндігін, кадр бай­лығын, сондай-ақ көп тілді білім беру сала­сындағы үлкен тәжірибесін қолдана отырып, универ­ситетіміз мақалалар мен түрлі кітаптарды жарық­қа шығару, дәрістер оқу, көрмелер ұйым­дастыру, мақалалар жазу, хабарлар жүргізу арқы­лы Президенттің бағалы бастамасын кеңінен дәріп­теуді жүзеге асыруда. Латын графикасына кө­шу мәселесіне байланысты оннан астам мате­риал аймақтық деңгейдегі басылымдарда жария­ланды.

«Қазақ тілінен латын графикасына кезеңдік көшу» бағыты бойынша құрылған жобалық офисте университет ғалымдары облыстық тіл­дерді дамыту жөніндегі басқармасының өкілдерімен бірлесіп жұмыс атқаруда. Латын графи­касына байланысты түсіндіру жұмыстарын жүргізуге арналған спикерлердің кандидатуралары белгіленді. Олардың барлығы жоғары деңгейдегі мамандар және сапалы жұмыс жүргізе біледі. Сондай-ақ біз латынша жазылатын қазақ тілінің орфографиясы мен графикасын оқытуға байланысты қашықтықтан үйрету курсын ұйымдастыруға, лингвистикалық және құқықтық сараптама өткізуге дайынбыз. Теориялық еңбектері бар және оқыту тәжірибесін жетік мең­герген университет ғалымдары жаңа ұрпаққа оқулықтар шығаруға, жаңа қоғам­ның ма­ман­дарын даярлауға, соның ішінде мұғалім­дер­ді даярлауға қатысуға міндетті. Бұл үшін қазақ тілінің латын графикасына көшуі шең­бе­рін­дегі жобаларды жүзеге асыру мақсатында рес­пуб­ликалық деңгейде авторлар ұжымын құру қажет.

Jsk ақпарат

Автор: admin