• 2 мая, 2024 3:08 пп

«КИЕЛІ МЕКЕН»: САРЫАҒАШ АУДАНЫНДАҒЫ ЕСКЕРТКІШТЕР АУМАҒЫНДА ТАЗАЛЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Автор:admin

Апр 19, 2024

 

Сарыағаш ауданында «Киелі мекен» апталығы аясында тарихи-мәдени ескерткіштер абаттандырылып, тазалық шаралары жүргізілуде. Шара барысында аудандағы Жартытөбе, Тегісшіл, Құркелес, Қабланбек, Дарбаза, Жемісті Қызылжар, Дербісек елді мекендеріндегі Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіштер маңы қоқыстан тазартылды.

Атқарылған жұмыстар барысында кесененің аумағы ретке келтіріліп, шөптері қырқылды. Жалпы тазалық акциясы аясында тұрғындар өз елді мекендерінде әктеу-сырлау, абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізуде.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin