• 3 мая, 2024 12:42 дп

«КИЕЛІ МЕКЕН»: САЙРАМДЫҚТАР ЭКОАКЦИЯ АЯСЫНДА «ТЕМІР БАБА» КЕСЕНЕСІНІҢ МАҢЫН ТАЗАРТТЫ

Автор:admin

Апр 19, 2024

 

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Киелі мекен» апталығы аясында Сайрам ауданы, Арыс ауылдық округіндегі «Темір баба» кесенесі маңына тазалау жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, тазалық жұмыстары барысында өңірдегі скверлер аумағындағы ағаштар әктелді. Тұрғындардың қызу қолдауымен қарқынды өткен тазалық акциясында 50 түп ағаш көшеттері отырғызылды. Сенбілік жұмыстарына аудан жастары мен белсенді еріктілер қатысты.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Автор: admin