• 28 апреля, 2024 1:30 пп

Жұма намазының жаңа кестесі жарияланды

Автор:admin

Фев 27, 2024
Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен сәтте намаз уақыты да автоматты түрде өзгереді.
Мұсылмандары діни басқармасы елдің бірыңғай уақыт белдеуіне көшуіне байланысты хабарлама таратты.
Облыс, елді мекенге байланысты намаз кестесін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми www.muftyat.kz сайтынан білуге болады. Ал жұма намазының жаңа кестесі төменде берілген.
Жаңа жұма намаз кестесі - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.02.2024
Жаңа жұма намаз кестесі
Айта кетерлігі, 2024 жылдың 29 ақпанынан 1 наурызға қараған түні сағат 00:00-де Астана, Алматы, Шымкент, Абай, Ақмола, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Ұлытау және Шығыс Қазақстан облыстары жергілікті уақытты 1 сағатқа артқа жылжытады. Осылайша, еліміздің барлық аймағы 5-ші сағаттық белдеуде орналасады.

Автор: admin