• 16 апреля, 2024 7:23 пп

Жигули Дайрабаев Алматы іргесіндегі Нұра ауылында сайлаушылармен кездесті

Автор:admin

Ноя 7, 2022

Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидат Жигули Дайрабаев Алматы қаласының іргесіндегі Нұра ауылының сайлаушыларымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясының баспасөз қызметіне сілтемемен.

Нұра ауылы Алматы қаласынан 42 шақырым жерде орналасқан елді мекен.

Жигули Дайрабаев Нұра елді мекенінің тұрмыс-тіршілігімен танысты. Ауылға дейінгі жол сапасын көзімен көрді. Олардың ел өміріне қатысты пікірлерін тыңдады.

Кездесуде кандидат өз бағдарламасын таныстырды.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау алдындағы үгіт-насихат 2022 жылғы 21 қазанда басталды және сайлаудан бір күн бұрын, яғни 19 қарашада аяқталады. 19 қараша – республика бойынша тыныштық күні. Ал, 20 қарашада Президент сайлауы өтеді.

Автор: admin