• 6 мая, 2024 8:24 дп

“Жасыл аймақ” апталығы Алатауда жалғасты

Автор:admin

Апр 24, 2024

Ешбекші ауданы “Таза Қазақстан” акциясында белсенділік танытуда. Бүгін аудан тұрғындары, әкімдік қызметкерлері және Шымкент қалалық әзіл-сықақ және сатира театрының ұжымы аудан аумағында орналасқан Алатау саябағында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараға 200-дей адам, 4 техника жұмылдырылған.
-Қаламыздың тазалығына үлесімізді қосайық деп келдік. Бұл науқан жәй ғана тазалыққа шақыру ғана емес, ынтымақ-бірлікке, ұжымдық еңбекке баулу деп түсінеміз. Қаламызды таза ұстау қала тұрғыны ретінде баршамыздың міндетіміз, — дейді Шымкент әзіл-сықақ және сатира театрының актрисасы Әсел Ілияс.
Қалаға сүйіспеншілік қаланың тазалығына атсалысудан басталады. Айта кетейік, бұрын қоқыс үйіліп жататын орыннан халыққа жайлы, көк желекті саябақ ашылғанына маңайдағы халық дән риза.

Автор: admin