• 23.06.2026 16:57

ЖАСТАР ҮШІН ЕСІРТКІСІЗ БОЛАШАҚ – ЖАРҚЫН ӨМІР

Автор:jsk.kz

Июн 22, 2026

26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Шымкент қаласында жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және есірткінің зияны туралы ақпараттандыру мақсатында «Есірткіге жол жоқ» акциясы ұйымдастырылды. Акция аясында Қырғы базар аумағында кәсіпкерлер мен тұрғындар арасында есірткі жарнамалары бейнеленген заттарды сатуға және таратуға жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Іс-шараға Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция майоры Ердаулет Пардахожаевич Садыков және «Жастар ресурстық орталығы» КММ мамандары Жансая Нұрланқызы Аманбаева мен Нұржақсын Асылтайұлы Қармантай қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты – жастарды зиянды әдеттерден сақтандыру, есірткінің адам өмірі мен денсаулығына тигізетін зиянын түсіндіру және оларды саналы таңдау жасауға ынталандыру. Іс-шара барысында жастар тәрбиесі, құқықбұзушылықтың алдын алу және қоғамдық жауапкершілік мәселелері де кеңінен қозғалды.

Мамандар жастарға есірткінің заңсыз айналымына қатысудың құқықтық салдары туралы айтып, салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсіндірді. Қатысушыларға ақпараттық жадынамалар таратылып, қоғамда есірткіге қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мұндай іс-шаралар жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алуға, олардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал етеді. Ұйымдастырушылар тұрғындарды және жастарды есірткіге қарсы күреске белсенді қатысуға шақырды.

 

***

 

МОЛОДЕЖЬ ЗА БУДУЩЕЕ БЕЗ НАРКОТИКОВ

 

В рамках Международного дня борьбы с наркоманией, который ежегодно отмечается 26 июня, в городе Шымкент была организована акция «Нет наркотикам», направленная на информирование молодежи о вреде наркотиков и популяризацию здорового образа жизни.

В ходе акции на территории рынка «Кыргы базар» проведена разъяснительная работа среди предпринимателей и жителей по недопущению реализации товаров с изображениями и символикой, связанной с пропагандой наркотических веществ.

В мероприятии приняли участие старший оперуполномоченный Управления по противодействию наркопреступности Департамента полиции города Шымкента, майор полиции Ердаулет Пардахожаевич Садыков, а также специалисты КГУ «Молодежный ресурсный центр» Жансая Нурлановна Аманбаева и Нуржаксин Асылтайулы Кармантай.

Основной целью акции стало формирование у молодежи негативного отношения к наркотикам, повышение правовой грамотности и пропаганда здорового образа жизни. Участникам рассказали о последствиях употребления наркотиков и ответственности за участие в их незаконном обороте.

 

Подобные мероприятия способствуют профилактике правонарушений среди молодежи, укреплению общественной безопасности и формированию ответственного отношения молодых людей к своему будущему и здоровью.

 

Jsk ақпараттық агенттігі

Автор: jsk.kz