• 15 мая, 2024 9:26 дп

Жалпы, интернет-алаяқтықты ашуға арналған қандайда бір нұсқаулық бар ма?

Автор:admin

Апр 5, 2024

Алаяқтар интернет желісін пайдаланатындықтан, трансұлттық қылмыстар санатына кіреді. Яғни, жәбірленуші елімізде, ал қылмыскер басқа елде. Осы тұрғыда қылмысты ашуға біршама уақытты талап етеді. Мәселен, өзге мемлекеттердің аумағында ақшалай қаражаттардың аударымы мен шешіп алу фактілері анықталса, онда қылмыстық заңнамаға және халықаралық келісімшарттарға сәйкес, тергеу органдары шетел мемлекетерінің құзыретті органдарына қылмыскерді анықтау және қажетті мәліметтерді (банктік есеп-шоттардың, абоненнтік нөмерлердің, ІР-мекенжайлардың тиесілігі және т.б.) алу, оның ішінде ақшалай қаражаттарды қайтару үшін тапсырмалар жолдайды. Әрине, заман талабына сай, қылмысқа қарсы күрес тактикалары мен тәсілдері де өзгеріп, жаңарып отырады. Ақпараттық жүйлерді пайдаланушыларға қатысты жасалған қылмыстарды (ұрлық, алаяқтық, заңсыз ақпараттар тарату және т.б.) ашу алгоритмі жолға қойылған, сонымен қатар оларды анықтауға, ашуға және тергеуге арналған бірнеше әдістемелік нұсқаулар әзірленді және тәжірибелік қызметте қолдану үшін аумақтық полиция департаменттеріне жолданды. Ұрланған ақшаны қайтаруға бола ма? Егер ақшаны қайтарып алуға мүмкіндік болса, ол процесс қалай жүреді? Қанша уақыт ішінде ақша қайтарылады? Әрине, жәбірленушіге келтірілген залалды өндіріп беру қолданыстағы қылмыстық заңнамада қарастырылған және ол екі тараптың татуласуымен, сондай-ақ, сот өкімімен жүзеге асырылады.   Интернет-алаяқтықтар туралы қылмыстық істерді тергеудің тактикасы мен әдістемесіне оқыту жөніндегі оқу бағдарламалары әзірленді. Аумақтық Полиция департаменттерінде интернет-алаяқтықты ашу және тергеу бойынша мамандандырылған тергеу-жедел топтары құрылды. Аталған топтармен тұрақты негізде олардың жасалу тәсілдері, пайдаланған құралдары бойынша талдау жүргізіледі. ІІМ-нің бастамасымен, былтырғы жылы азаматтардың микроқаржылық ұйымдарда онлайн-несие рәсімдеу процедурасы қатаңдатылды. Яғни, онда азаматтар тек биометриялық сәйкестендіру және электрондық-цифрлық қолтаңба сияқты процедуралар арқылы несие рәсімдей алады. Сонымен қатар, интернет-алаяқтыққа қарсы күрес саласында алда тұрған орындалуы тиіс бірнеше мәселелер бар, олардың іске асырылуы мен нәтижесі бойынша кейінірек хабарлайтын боламыз. Иә, БАҚ да, полиция да, банк қызметкерлері де халыққа алаяқтың арбауына түспеуді тоқтаусыз ескертуде. Алайда алаяқтар сенгіш халыққа өз айлаларын оп-оңай асыруды жалғастырып келеді. Сондықтан полиция қызметкерлері халықты ескертулерге назар аударуға шақырады. Алаяқ айласын асырмасын.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin