• 15 мая, 2024 9:43 пп

Алаяқтар не себепті интернет желісін таңдайды? Бұл немен байланысты? Олар үшін интернеттен қандай пайда бар? (сұхбат)

Автор:admin

Апр 5, 2024

Интернет желісін пайдаланатын алаяқтар дәстүрлі алдау қағидаларын ұстанғанымен, олардың көбісі трансшекаралық сипатқа ие, яғни қаскүнемдер басқа аймақта, кейде басқа елде жүрген азаматтарға қатысты қылмыс жасайды. Сондай-ақ, интернет-алаяқтар негізінен жалған құжаттарды пайдаланып, үшінші тұлғалардың атынан жиі әрекет етеді. Елімізде көп кездесіп жүрген интернет-алаяқтық түрлеріне: интернеттегі сауда саттық, банк немесе полиция қызметкерлері ретінде азаматтарға қоңырау шалып әртүрлі алдау тәсілдерімен жеке деректерді алу, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерге фишингтік сілтемелерді жолдау арқылы ақпараттарға қол жеткізу және тағы басқа осыған ұқсас тәсілдер арқылы жасалатын қылмыстар жатады. Қылмыскерлер өз құрбандарының жеке деректерін қалай алады? Оны алу жолының қандай схемалары бар? Қылмыскерлер азаматтардың жеке деректерін алу үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді қолданады, солардың кейбір түрлеріне тоқталайық: мәліметтерді алудың кең тараған түрі азаматтарға әлеуметтік желілер, мессенджерлер, электрондық пошта арқылы фишингтік сілтемелерді жіберіп, ондағы сұрақтарға жауап беруді сұрайды. Сонымен қатар, азаматтарға әртүрлі ұтыс ойындарының жеңімпазы болдыңыз, интернет желісі арқылы заттарды курьер арқылы жолдаймыз және осы сияқты сылтауларды айта отырып азаматтардың жеке мәліметтеріне қол жеткізеді.

Қанат Базарбайұлы, көбіне интернеттегі алаяқтықтың құрбандары кімдер? Қай жастағылар қылмыскердің торына көп түседі? Жалпы, ІІМ осы тұрғыда арнайы статистика жүргізе ме?

-Ішкі істер министрлігі бұл бағытта арнайы статистика жүргізбейді. Алайда, тіркелген қылмыстық істер бойынша өзіміз аналитикалық тексеру жүргізу барысында алаяқтардың құрбандары орта білімді немесе жоғары білімді болып бөлінбейтінін байқадық. Негізінен 30 жастан 60 жасқа дейінгі адамдар көп алданып жатады және алданғандардың шамамен 60 пайызын әйелдер құрайды. Қазір алаяқтар интернет арқылы белсенді “жұмыс істеуде”. Олар өздерінің  арам ойларын іске асыру үшін қандай қазақстандық немесе әлемдік сайттарды я болмаса қосымшаларды пайдаланады? ІІМ-де осы алаңдардың басшыларымен қандай да бір уағдаластықтар бар ма? Егер болса, онда қандай?

— Соңғы уақытта интернет-алаяқтықтың интернет сауда алаңдарында, яғни Olx.kz, Kolesa.kz, Krisha.kz, Satu.kz сынды сайттарда, сондай-ақ әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде орналастырылған хабарландырулар бойынша тауар немесе қызмет үшін ішінара немесе толық алдын ала төлем алу фактілері кеңінен таралған тәсіл. Мұндай қылмыстарға интернет арқылы тапсырыс берілген тауарды жеткізбеу (немесе тауардың мәлімделген сипаттамаларға сәйкес келмеуі) немесе қандай да бір қызметтерді орындамау (пәтерді жалдау, жөндеу жұмыстарын жүргізу, кредит алуға көмектесу, автобөлшектерді сатып алу-сату және т.б.) жатады. Сонымен қатар, ІІМ қызметкері осы қылмыстың алдын алу, болдырмау мақсатында жасалып жатқан профилактикалық жұмыстар жайлы айтып берді. Осы орайда айта кететіні, Ішкі істер министрлігінің бастамасымен профилактикалық сипаттағы жұмыстар кең жүргізілуде, мәселен елімізде кең тараған сауда платформаларының сайттарында азаматтарды алаяқтардан сақтану туралы ескертулер орналастырылды. Интернет-сауданың дамуына байланысты жарнама сайттарының (Kolesa.kz, Krisha.kz, Market) басшылығымен жалған хабарландырулар орналастыратын пайдаланушылар туралы ақпарат алмасу, сондай-ақ азаматтардың алаяқтық схемалары туралы ақпараттандыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасасу жолға қойылды.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin