📌Елімізде Президенттің бастамасымен 2013 жылдан бері аталып өтетін Еңбек күні қарсаңында Премьер-министр Олжас Бектенов «Еңбек – ел мұраты» іс-шарасына қатысып, халықты жұмыспен қамту, кадрлар даярлау және өндірістік қауіпсіздік саласындағы ЖИ элементтері бар заманауи шешімдермен танысты.
Онда жұмыспен қамтылмаған азаматтарды автоматты түрде анықтайтын және оларға жұмыс ұсынатын Жұмыспен қамтудың цифрлық қызметі платформасы көпшілік назарына ұсынылды. Пилоттық жоба Павлодар және Маңғыстау облыстарында 59 мыңнан астам азаматты қамтыды. Қараша айынан бастап жүйе басқа өңірлерге кеңінен таратылмақ.
Астана әкімдігі Joltap бағдарламасының нәтижелерімен таныстырды, жоба шеңберінде бизнесті немесе фрилансты одан әрі іске қосу үшін 22,2 мың адам жұмыс және цифрлық дағдылар бойынша білім алды. Оның 60%-ы жұмысқа орналастырылды, 2 мыңға жуық адам өздерінің шағын бизнесін ашты.
ТжКБ-ның цифрлық дуальды оқыту платформасы жобасы студенттердің, оқытушылар мен жұмыс берушілердің тікелей байланысын қамтамасыз етеді: Астана қаласының қоғамдық тамақтандыру және сервис колледжі түлектерінің білім алған мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы 93%-ға жетті.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік саласында цифрлық шешімдер кешені, электрондық наряд-рұқсаттар, жүргізушілердің жағдайын бақылау жүйелері, сондай-ақ нысандарды салу кезінде жарақаттанудың алдын алуға арналған бейнеаналитикасы бар «Ақылды каска» сияқты жасанды интеллект шешімдері ұсынылды.
Бүгінгі таңда Қазақстанда 9,4 млн адам еңбек қызметімен қамтылды, жыл басынан бері 475 мыңнан астам азамат жұмысқа орналасты, электрондық еңбек биржасында 800 мыңнан астам бос жұмыс орны бар. Үкімет өндірістің нақты қажеттіліктері мен еңбек нарығындағы өзгерістерді ескере отырып, кадрларды даярлау бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Кәсіптік оқытуды және технологиялық әрі экономикалық өзгерістерді ескере отырып, мамандарды даярлауды озық қарқынмен дамытуды көздейтін жаңа Жұмыспен қамту бағдарламасы әзірленуде. Цифрлық құзыреттілікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді. Жыл соңына дейін кәсіптік стандарттармен 600 жұмысшы мамандықты қамту жоспарлануда. ТжКБ жүйесінде жұмыс берушілермен бірлесіп мамандар даярлау күшейтіледі. Дуальды оқытуға 552 колледждің 138 мың студенті және 11 мыңға жуық кәсіпорын қатысады, тағы 43 мың студент жұмыс берушілердің мақсатты тапсырысы бойынша білім алуда.
Олжас Бектенов Мемлекет басшысы Еңбек адамына ерекше мән беретінін атап өтті. Қазақстан Халық Кеңесінің бірінші сессиясы барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әр азаматтың өмірде өз орнын тауып, отбасын адал еңбекпен асырауына және Отанына пайдасын тигізуге жағдай жасау – ортақ міндетіміз» деп айқындап берді. «Адал азамат» тұжырымдамасына сәйкес еңбекқорлық, жауапкершілік және білімге деген ұмтылыс маңызды қасиеттер ретінде анықталды.
Іс-шара қорытындысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан түрлі кәсіп өкілдеріне мемлекеттік наградалар табыс етілді.
Марапатталғандар:
«Құрмет» ордені иегерлері
🟦Тұрғынжан Аутов – «Алматыэлектротранс» ЖШС троллейбус жүргізушісі, еңбек өтілі – 44 жыл;
🟦Айдарбек Ақтанбердиев – «Метрополитен» КМК монтері, еңбек өтілі – 44 жыл;
🟦Арыстанқали Байымбетов – «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС бөлім басшысы, еңбек өтілі – 39 жыл;
🟦Константин Башкиров – «Степногорск подшипник зауыты» АҚ станокшысы, еңбек өтілі – 43 жыл;
🟦Айжан Беркінбаева – Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы, еңбек өтілі – 28 жыл;
🟦Сәкен Ділдәбаев – «KARLSKRONA LC AB» ЖШС токарі, еңбек өтілі – 44 жыл;
🟦Валентина Зенкина – «Galex Plus» СТТФ» ЖШС шебері, еңбек өтілі – 52 жыл;
🟦Шайхула Зиганшин – «Galanz bottlers» АҚ аға машинисі, еңбек өтілі – 47 жыл;
🟦Кеңес Ысқақов – «Жәйрем» кен-байыту комбинаты» АҚ «Жәйрем» кенішінің бұрғылау қондырғысының машинисі, еңбек өтілі – 36 жыл;
🟦Аян Қайыр – «Кедентранссервис» АҚ Павлодар қаласындағы филиалының бас инженері, еңбек өтілі – 30 жыл;
🟦Владимир Крайсман – «Нұр-Авиценум» медициналық орталығы» құрылтайшы-директоры, еңбек өтілі – 53 жыл;
🟦Оралбай Кұсайынов – «Семізбай-U» ЖШС «Семизбай» кенішінің слесарі, еңбек өтілі – 33 жыл;
🟦Салмен Нұрмағанов – «Астана-Зеленстрой» ЖШС машинисі, еңбек өтілі – 47 жыл;
🟦Өркен Станбеков – «Жамбыл электр жүйесі» ЖШС Шу ауданы электр монтері, еңбек өтілі – 34 жыл;
🟦Бекжан Сыздықов – «Сәтпаев жылу, сумен жабдықтау кәсіпорны» ЖШС жүргізушісі, еңбек өтілі – 37 жыл;
🟦Қанатбек Теміров – «KSP Steel» ЖШС Павлодар филиалының слесарь-жөндеушісі, еңбек өтілі – 40 жыл;
🟦Қайрат Шағырбай – «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС Түркістан пайдалану локомотив депосының машинисі, еңбек өтілі – 15 жыл;
🟦Бейбітгүл Шонкенова – «Тарбағатай ауданының арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ әлеуметтік жұмыскері, еңбек өтілі – 36 жыл.
ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордені иегерлері
🟦Қанат Темірбеков – «Астана су арнасы» КМК экскаватор жүргізушісі, еңбек өтілі – 44 жыл;
🟦Вячеслав Тюков – «Силикат» ЖШС слесарь-сантехнигі, еңбек өтілі – 26 жыл.
«Ерен еңбегі үшін» медалі иегерлері
🟦Арыстан Әбішев – «Комаровское тау-кен кәсіпорны» ЖШС электр-газбен дәнекерлеушісі, еңбек өтілі – 31 жыл;
🟦Берік Акылбеков – «Қарағанды Су» ЖШС тракторшысы, еңбек өтілі – 30 жыл;
🟦Талғат Байымбетов – «Жаңажол» ЖШС механизаторы, еңбек өтілі – 43 жыл;
🟦Мұрат Дүкебаев – «Интергаз Орталық Азия» АО «Тараз» магистралды газ құбырлары басқармасы филиалының операторы, еңбек өтілі – 40 жыл;
🟦Бейсенғазы Жұмабеков – «Агрофирма «Приречное» ЖШС механизаторы, еңбек өтілі – 38 жыл;
🟦Баратбай Қиясов – «Qut-Bereke Qurylys» ЖШС токарі, еңбек өтілі – 40 жыл;
🟦Саятхан Құдайбергенов – «Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ «Талдықорған қаласы №1 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебі» КММ жаттықтырушысы, еңбек өтілі – 37 жыл;
🟦Орынбасар Кұжантаев – «АтырауНефтеМаш» ЖШС газбен кесушісі, еңбек өтілі – 44 жыл;
🟦Ермек Майқынов – «Майкынов Е» ШҚ механизаторы, еңбек өтілі – 37 жыл;
🟦Мырза Малкенов – «ШалқияЦинк ЛТД» АҚ тас қалаушысы, еңбек өтілі – 31 жыл;
🟦Мұрат Мұрзатаев – «Агротехника-Жамбыл» ЖШС бас инженері, еңбек өтілі – 40 жыл;
🟦Шалғымбай Мырзалиев – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ «Октябрьмұнай» мұнай-газ өндіру басқармасының слесарі, еңбек өтілі – 42 жыл;
🟦Татьяна Олейникова – «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС ревизоры, еңбек өтілі – 37 жыл;
🟦Сергей Петрунин – «Варваринское» ЖШС учаске басшысы, еңбек өтілі – 46 жыл;
🟦Мұрат Сабитов – «Атырау мұнай өндей зауыты» ЖШС машинисі, еңбек өтілі – 44 жыл;
🟦Есен Сұлтанов – «Қамқор Локомотив» ЖШС «Атбасар электровоз жөндеу зауыты» филиалының токарі, еңбек өтілі – 40 жыл;
🟦Таңат Шонқалов – «Қаражанбасмұнай» АҚ бөлім басшысы, еңбек өтілі – 45 жыл.
📱 @KZgovernment
