• 17 мая, 2024 4:28 пп

Ел экономикасына қаржылық сауаттылық керек

Автор:admin

Апр 17, 2024

Біздің қоғамымызда бүгінгі күнде дәрігерлер бар, балаларға білім беретін мұғалімдер бар, тәртіпті реттейтін заңгерлер бар. Бірақ біздің өмірімізде, біздің жеке қаржымызды басқаруға кеңес беретін адамдар жоқ. Жеке қаржы деген тек қана байлық, тек қана дәулет емес. Сіз Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзіңіздің қаржыларыңызды көбейте аласыз, басқара аласыз. Сондықтан біздің қаржылық институттармен таныстырады. Қаржылық институттар деген не? Көптеген қаржылық институттар бар, бірақ халық оның не үшін керек екенін де білмейді. Банк деген не оның негізгі фукциялары қандай, сақтандыру компаниялары, оның жеке басыңызға қандай пайдасы бар деген сауалдарға жауап беріп,  институттардың қайсысын қай уақытта пайдалану керек екенін үйретеміз. Құнды қағаздармен айналысатын брокерлік компаниялар бар.  Біздің мемлекеттің ішіндегі қаржылық институттардың жеке басыңызға пайдасын түсіндіреміз. Қаржылық институт болған соң, қаржылық құрал бар. Ол институттар құралдар арқылы жұмыс жасайды. Олар банк, банктің депозиті, банктің несиесі, жеке басыңды сақтандыру полисі. Халықтың қаржылық сауатсыздығының арқасында ғаламторда керексіз ақпараттар көп. Сол жерде кезіп жүрген белгісіз ұйымдарға барып ақша салады. Неге? Себебі қаржылық сауаттылықтың болмауынан. Біздің басты міндетіміз қаржылық сауаттылықты халыққа жеткізу. Екіншіден, қоғамның ақшаға деген ойын өзгерту. Үшіншіден осы арқылы біздің мемлекетіміздің баюына өзіміздің септігімізді тигізу.

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin