• 29 марта, 2024 5:40 дп

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Автор:admin

Июл 15, 2022

 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті №3 қалалық аурухананың ұжымымен сыбайлас жемқоролықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын қалыптастыру мақсатында жиын өткізді.
Іс-шарада Департаменттің өкілі Ж.Қамбар жемқорлықтың алдын алу мақсатында атқарылған жұмыстардан хабардар етіп, сыбайлас жемқорлықтың себептерін бірлескен шаралармен жоюға шақырды.
Сонымен қатар, басшыларға бағынышты қызметкерлер тарапынан сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауына жол бермеу міндеті енгізілгені туралы айтылды.
Денсаулық сақтау саласы өкілдеріне қатысты келіп түскен шағымдардың аз еместігі хабарланып, басты мақсат жемқорлықтың алдын алып, түсіндіру жұмыстарын жүргізу, талқылау болып табылатындығын жеткізді.
Сонымен қатар, шарада сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Агенттіктің тәулік бойы қызмет ететін 1424 Call-орталығына хабарласа алатындығы жеткізілді.

Автор: admin