• 4 мая, 2024 2:53 дп

Венчурлық қаржыландыруды дамыту – қаржылық сауаттылықтың бөлігі

Автор:admin

Апр 22, 2024

Венчурлық бизнесті дамыту үшін, ең бастысы, инновациялық инфрақұрылымнан басқа, инвестициясын тәуекелі жоғары жобаларға салушылар да, тәуекелі жоғары инновациялық жобаларды ұсынушылардың да жеткілікті болуы шарт. Ал бізде соның екеуі де тапшы. Екінші жағынан отандық ғалымдар жасаған инновациялық жобалар елімізде қолдау таппай, көпшілігі Қытайдың өндірісін дамытуға үлес қосуда. Ондай жағдайлардың болуы да бір жағынан заңды секілді. Өйткені біз венчурлық бизнесті енді ғана үйреніп, әліппесінен бастап жатқан елміз. Инновациялық кәсіпкерлікті дамыту көптеген шығындарға алып келуі мүмкін. Өйткені инновация ол әрқашанда жаңа бастама, жаңа идея. Одан қандай нәтиже болатынын болжауға болады. Бірақ нақты тәжірибеде тәуекелді әртараптандыру қажет. Курстық жұмыста кәсіпкерліктің инновациялық түрлерін қаржыландыруда және қорландыруда мемлекеттік және жеке қаржылық мүмкіндіктерді бірлікте қолдану арқылы инноваиялық тәуекелділік деңгейін төмендету тетіктері тиімділігі Инновациялық қызметті жандандыру үшін бірінші кезекте қолданбалы ғылыми зерттемелерді қаржыландыру әдісін және қолданбалы ҒЗТКӘ-ні қаржыландыру жүйесін өзгерту қажет. Инновациялық кәсіпкерлік қызметпен айналысатын құрылымдарда жоғары қарқынмен жұмыс орындарын құру және осының негізінде халықты мүмкіндігінше толық жұмыспен қамтамасыз ету елімізде және оның жекелеген аймақтарында жұмыссыздықтың салдарынан туындаған әлеуметтік шиеленістерді азайтады. Қазақстан еліндегі қалыптасушы нарықтық экономикаға қажетті масштабтарда кәсіпкерлік қызмет еркіндігін және оның пайда болуы мен сәтті дамуын қамтамасыз ететін, шағын бизнестің берік құқықтық негізі құрылды. Осыған байланысты соңғы жылдары елімізде кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілер санының тұрақты өсіп келе  байқалады. Инновациялық қызметті жандандыру үшін бірінші кезекте қолданбалы ғылыми зерттемелерді қаржыландыру әдісін және қолданбалы ҒЗТКӘ-ні қаржыландыру жүйесін өзгерту қажет.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin