• 3 мая, 2024 7:15 пп

Венчурлық бизнесті дамыту – үдерістің басты креативті бөлігі

Автор:admin

Апр 22, 2024

«Венчурлық бизнес – тәуекелділік дәрежесі жоғары ғылыми-техникалық немесе технология лық бизнес. Венчурлық бизнес іргелі және қолданбалы ғылымнан туындаған және экономикалық дамуда, ғылым мен өндірістің арасындағы буын қажеттілігі ретінде өмірге келді. Жоғары технологияның кластерлерін құру миссиясын венчурлық инновациялық бизнес те орындайды. Венчурлық бизнес өзінің жүйелі ядросымен, толқындық инновациялық үдерістің басты креативті бөлігі болып табылады. Дамыған венчурлық технологиялық бизнес мемлекеттердің озық технологиялармен дү ниежүзілік бәсекеге қабілеттілік деңгейін ұстануын анықтайтын постиндустриалдық және жаңа экономикалық базалық сектор болып табылады». Нәтижесінде, бүгінгі дүниежүзілік технологиялық даму үрдісі жаңа саты – адамзат игілігі үшін, оның өмірін жақсартуға, оны көркемдеуге бағытталған электронды, биоинженерлік және басқа да ғылым дәрежелерін пайдалануға негізделген деңгейге көшуде. Сондықтан барлық дамыған, дамушы елдерде мемлекеттік инновациялық салаға қаржылай түрде ұйымдастыру үрдісіне көмек көрсету арқылы қолдап отырады. Көптеген елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономиканың күрт құлдырауы, қаржы дағдарысы кезінде мемлекет инновациялық қызмет саласын қолдап, дамытып отыруы қажет. «Инновацияны дамытуды бұл ретте әлемдегі жаңа бетбұрыстарға оң қадам басқан Қазақстанның бәсекеге қабілеттігін арттыруға қажетті жағдайлардың ең негізгісі деуге де болады. Инновациялық-индустриялдық жобаларды жүзеге асырып, оны қоғамның алдыңғы қатарлы мемлекеттер деңгейіне жетуіне жұмыс істету үшін орасан қаржы қажет. Ал сол қаржылардың басым бөлігі өркениетті елдерде осы венчурлық қорлардың қолында ғана тиімді жұмсалды. Шетелдерде банктің пайызы жоғары несиеден гөрі венчурлық қордың қаржысын тәуір көреді. Өйткені онда «жоғары пайыз жоқ, тек үлкен тәуекел бар». Венчурлік бизнес көпшілікке әлі де танымал емес істің осы түріне соңғы жылдары ғана айрықша назар аударыла бастады. Басқасын былай қойғанда, отандық қаржы шолушысының бірі түйіндегендей, Қазақстан азаматтарының қаржылық кеңістіктегі жаңалық болып отырған венчурлық қорлардың нақты қызметін терең біле қоймайтыны да шындық. Әрине, оған қорлар жұмысының ашық-жариялы «мөлдірлік» сипатқа ие болмауы да көп әсер етуде. Елімізде бес венчурлық қордың бар екендігіне, ал кеше оның алтыншы нұсқасының құрылғанына қарамастан, ол жалпақ көпшілік үшін әлі де жұмбақтау бизнестің түрі болып тұр.

 

Jsk ақпарат орталығы

Автор: admin