• 3 мая, 2024 10:51 пп

Венчурлық бизнесті инновациялау – шағын қаржы критерийлеріне байланысты

Автор:admin

Апр 22, 2024
Market Analyze with Digital Moniter focus on tip of the pen.

Қазіргі заманғы зерттеулерде шағын бизнесті сипаттаудың келесідей критерийлері ұсынылады, бағалы қағаздардың ашық түрде сатылмауы; кәсіпорынның бағалы қағаздардың шектелген көлемін иеленуі; шектелген жауапкершіліктің болмауы; кәсіпорынның негізін қалайтын адамдар- тәуекелге бара алатын жаңа заман адамдары; менеджерлер командасының толық болмауы; акционерлердің арасындағы қарым-қатынастардың нақты формальды түрде болмауы. Шағын бизнестің артықшылықтары айқын. Ол шағын бизнестің серпінді, өндіріп отырған тауардың түрін, ассортиментін тез өзгерту қабілеттілігі, технология және басқа салаларда да жаңалықтар енгізуде икемді болуынан көрінеді. Шағын бизнестің басты ерекшелігі- коллективтік еңбекке ұмтылу, жұмыстың максималды жемісті нәтижесіне жету үшін жалпылықтың қызығушылығының болуы. Қазіргі уақытта көптеген елдердің экономикасы үшін шағын бизнес өте маңызды болып келеді. Шағын бизнес- жаңа идеялардың, табыстың, жұмыс орнымен қамтамасыз етудің негізгі көзі және экономика дамуының негізгі кепілі екенін біле отырып, көптеген мемлекеттер оны дамыту үшін маңызды іс-шаралар Әлемдік тәжірибеде франчайзинг кеңінен қолданылып отыр. Ал ҚР шетел франшизасының үлесі үлкен. Қазақстанада негізінен дистрибьютивтік/саудалық франчайзинг ғана дамып отыр, ал шет елде  керісінше, кәсіпкерлік франчайзингінің үлесі саудалық франчайзингтен жоғары. «Венчурлық инвестициялар-бұл орташа деңгейден жоғары табыстылығы бар тәуекел инвестициялары. Венчурлық бизнесті инновациялау:

-Идеяның,жаңа өнімнің пилоттық үлгілерін құрумен байланысты қолданбалы зерттеулер және оның коммерциялық әлеуетін бағалау;

-Алғашқы сериялық өндіріс және өнімді алғашқы сатулар;

-Өндірістің алғашқы кеңейтілімі және өнімді өткізу үшін жаңа рыноктарға шығару;

-Жалпы венчурлық бизнесті дамыту үшін келесідей шараларды атқарумыз керек:

-Елдегі инновациялық күштерді нығайту және қалыптастыру;

-Индустриялық-инновациялық дамуды халық арасында насихаттау;

-Шағын инновациялық бизнесті ынталандыру;

-Зейнетақы қорлары мен сақтандыру қорларының венчурлық бизнеске инвестициялауын ынталандыру» Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық стратегиясының негізгі бағыты, біздің ойымызша, жоғары технологиялық, ғылыми сыйымды және экспортқа бағытталған өнім мен өндірістердің дамуы болып табылады. Еліміздің ғылыми-техникалық әлеуетінің қазіргі жағдайы абсолютті сандық қысқаруы мен оның барлық құрамдастары бойынша сапасының нашарлауы тенденциясына ие болып отыр. Республикадағы инновациялық іс-әрекеттер ғылымның ары қарай дамуы оның заңдылық және нормативтік базаларын жетілдіруге байланысты.

 

Jsk ақпараттық орталығы

Автор: admin