• 29 марта, 2024 6:34 дп

Бағдары айқын, халық сұранысымен үндескен саяси жауапкершілігі мол құжат.

Автор:admin

Окт 26, 2022

Бүгін  Қасым-Жомарт Тоқаев ҚазақстанРеспубликасының Президенттігіне кандидат ретінде Республикалық қоғамдық штабта өзінің «Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсымызұшін» атты  сайлауалды бағдарламасын жариялады. Халықтық коалицияның Түркістан облыстық қоғамдық штабының мүшелерімен  бірге  мен де  бейнебайланыс конференция арқылы қатыстым.

Айта кететін бір мәселе  2019 жылғы Президент сайлауында  Қасым-Жомарт Кемелұлы  Тоқаев «Сабақтастық,Әділдік,Өрлеу»   атты үш бөлімнентұратын сайлауалды бағдарламасын халыққажариялаған болатын.  Қысқа болса мазмұнды құжаткөпшіліктің ойынан шыққанын білеміз.  Бір ғанамысал  «Педагог мәртебесі  туралы» «Халықденсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» заңдардың қабылдануы жұмыс жасауы  жақсытірліктің айғағы. Бұл жолғы  Қасым-ЖомартТоқаевтың сайлауалды бағдарламасы  өткенжолғыдан да керегесі кеңірек, ауқымды әділдікпринциптер ары қарай жалғасын тапқан. Бүгінгі қоғамдық штабта Қасым-Жомарт Тоқаев сөзбасында   қолдау көрсеткен барша қоғамдықұйымдар мен саяси партияларға, тілек білдірушіазаматтарға алғысын жеткізіп,осындай қолдауға иеболу  мен үшін үлкен мәртебе деді. Үш жарым жылішіндегі қиындықтарға  қарамастан  барлық саладареформалар жүргізілгенін,референдум арқылы Атазаңға  өзгерістер енгізілгеніне тоқталды.Билік пен қоғам арасындағы  диалог нығайа түсіп, тамыр-таныстық пен монополияны түбірімен жоюғакірістік деді. Сондай-ақ, елдік мәселерді бірлесіпталқылау үшін Ұлттық құрылтай құрылыпХалықүніне құлақ асатын мемлекет»  тұжырымдамасыіске асырылып жатқанына,   елімізде мемлекеттікаппаратты жаңарту үдерістері, сот саласындареформаландыру, әскери күштерді жарақтандыруды жақсартуға күш салынатындығына тоқталды. Сайлауалдыбағдарлама  үш қағидаттантұрады.
Бірінші  қағидат-ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. Бұндасаяси жаңғыртулар қамтылыпКүшті Президент-ықпалды Парламент-есеп беретін Үкімет»  қағидатын іске асыру билік тармақтарыарасындағы тепе-теңдік көзделген.
Екінші қағидат—ӘДІЛЕТТІ ЭКОНОМИКА.Бұндамемлекет пен бизнестің  мүддесінің бірдей қорғау, халықты жұмыспен қамту,әлеуметтік әділ саясаторнату арқылы әділетті экономика құру, еңбектібағалау ,әлеуметтік топтардыңарасындағыалшақтықтыжоюғабағытталған.
Үшінші ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ орнату қағидаты.Бұнда адамдардың денсаулығы, білімі мен өмір сүрусапасының жақсы болуы мемлекет жауаптылығықамтылады. Әрбір азамат мемлекеттіңқамқорлығын сезініп, әлеуметтік бюджет қарапайым адамдардың проблемасын шешуге, елдіөркендетуге жұмсалады деді.Қасым-ЖомартКемелұлы Тоқаев өз сөзінде » Мемлекет дегенімізбұл-ортақ құндылықтары бар халық деген сөз»  деп өте  қарапайым тілменпайымдытұжырымжасады.Мемлекетімізді көркейтіп,Тәуелсіздігімізді  нығайту жолындағыҚасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың  сайлауалдыбағдарламасы  — стратегиялық бағдары айқын, мазмұны  терең, халық сұранысымен үндескенӘділетті қазақстанды құрудағы саясижауапкершілігі мол құжат. Сайлауалдыбағдарламаның тілі жатық,оқылуы оңай, жүректеншыққан ойлардың жиынтығы екені бірден сезіледі.

ҚалыймаЖантөреева
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстықфилиалы
Атқарушы хатшысының орынбасары,
Түркістан облыстық мəслихатының депутаты,
Түркістан облысының Құрметті азаматы

Автор: admin